No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кәсіпкерлік негіздерін  онлайн оқу мүмкіндігі туды

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне Skills.enbek.kz платформада онлайн оқуға болады.

25.07.2022
Жаңалықтар
30
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

2022 жылғы 25 шілдеден бастап «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жаңа форматта қолжетімді болды. Өз ісін бастауды жоспарлап отырған қазақстандықтар енді Skills.enbek.kz платформасы арқылы онлайн режимде бизнес жүргізу үшін базалық білім мен дағдыларды ала алады.

«Бастау Бизнес» жобасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) арқылы азаматтардың бизнес-бастамаларын қолдаудың мемлекеттік шаралар кешені шеңберінде іске асырылады.

Оқу курсына жазылу үшін Business.enbek.kz порталда тіркелу, оқыту шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеруден өту қажет. Шарттарға сәйкес болған жағдайда қатысушы Skills.enbek.kz платформаға өтіп, оқуға кірісе алады.

«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсының қатысушылары бола алады:

  1.  жұмыссыздар;
  2.  ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер;
  3.  зейнеткерлік жасқа жетпей жұмыстан қысқартылатын қызметкерлер;
  4. жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлер;
  5.  отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;
  6.  табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар;
  7.  табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.

Оқыту 14 күнтізбелік күннен аспайды. Әр қатысушы курсты жеке-жеке меңгерумен айналысады. Оқу толығымен тегін.

Оқыту келесі кезеңдерден тұрады:

  • бірнеше модуль бойынша онлайн оқыту курсы;
  • қорытынды тестілеу;
  • оқудан өткені туралы сертификат алу.

Оқу барысында пайдаланушы бірнеше сабақтардан тұратын 12 модульден өтуі керек. Әрбір модуль аяқталған соң аралық тестілеу өткізіледі. Келесі оқу модуліне өту үшін қатысушы тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың кемінде 70%-ын жинауы керек. Аралық тестілеуден өту әрекеттерінің саны шектелмейді.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсы егер қатысушы қорытынды тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың 70% – дан астамын жинаған жағдайда өтті деп есептеледі. Дұрыс жауаптардың 70%-ынан төмен жинаған қатысушыға қорытынды тестілеуден 2 рет қайта өту мүмкіндігі беріледі.

Оқыту қорытындысы бойынша қатысушы бірегей нөмірі бар электрондық сертификат алады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.

«Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту»  онлайн курсынан өткен қатысушылар ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткер бола алады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Абай облысында екінші мәрте ірі өрт болып жатыр

03.07.2023

Астана әкімі чемпиондарға үш бөлмелі үй берді

27.05.2023

Кәсіпкерлердің құқығы қандай?

29.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа