No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Kazbusiness ұсынады: Табысты әйелдер туралы 5 фильм

18.11.2022
Жаңалықтар, Керек-дерек
5
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Табысты әрі тәуелсіз әйелдер жыл өткен сайын басшылық лауазымдарды иеленуде. Мұндай үлкен жетістіктіктерге жету үшін көп күш салу керек. Алайда кез келген іскер әйелді табысты мансап, үлкен жетістік, әріптестер арасындағы бедел бақытты етпейді. Оған адал жар мен ана атану сезімі ерекше күш береді. Оның табысқа жету мақсатының мәнін арттыра түседі. Ал енді мен сізге отбасылық өмір мен жұмысты үйлестіре алған, өз күшіне сенімді әйелдер туралы 5 ең үздік фильмдерді ұсынамын.

«Коко де Шанель», 2008

Коко Шанель ересек жасқа жеткен кезінен бастап сән жолында байлық пен атаққа қол жеткізген. Оның есімі қазірге дейін сән әлемінде ерекше аталатыны сөзсіз. Өйткені ол әйелдерге ер адамның классикалық костюмі мен қайталанбас кішкентай қара көйлекті ойлап тауып, кигізген ең алғашқы сәнгер. Жетімдер үйінде өсіп, қарапайым тігінші болған Коко Шанель бала кезінен аштық пен сатқындықтың дәмін татып өскен. Бұл өмірбаяндық фильмінде актриса Одри Тоту Коко Шанельдің шығармашылық мансабының алғашқы қадамдарын керемет сомдап шыққан.

«Шайтан Prada киеді», 2006

Ұмытылмастай  әсер қалдыратын бұл фильмді Мерил Стрип пен Энн Хатуэй атты екі танымал актриса сомдаған. Миранда Пристли – атақты «Podium» сән журналының бас редакторы, ешкімнің дауласуға батылы жетпейтін қатал ханым. Ол қол астындағы қызметкерлеріне талапшыл.

Олардың қателіктер жасауына жол бермейді. Миранданың баспаханасына жаңадан Андреа есімді жас журналист қыз жұмысқа орналасады. Уақыт өте белгілі бір жағдайларға байланысты Андреа Миранда Пристли өмірінің басқа жағын көреді. Шынында да кез келген қатал бастық образының екінші жағында оның қиындықтары мен әлсіз тұстары бар қарапайым адам тұратынына осы фильмдегі кейіпкер өмірі дәлел бола алады.

«Темір ханым», 2011

Мерил Стрип ойнаған мықты әйел туралы тағы бір фильм. Бұл фильм саясаттың әйел ісі емес деген әлеуметтік стереотиптерді жоя білген аңызға айналған әйелдің шабыттандыратын оқиғасын баяндайды. Маргарет Тэтчер Ұлыбританияның премьер-министрі лауазымын иеленген алғашқы әйел болды.

«Оның қалай жасайтынын білмеймін», 2011

Қазіргі таңда әйел үшін барлығын басқару оңай емес: кәсібін дамыту, балаларды тәрбиелеу, үй шаруаларымен айналысу, оған қоса күйеуін де назардан тыс қалдырмау. Бірақ біз осындай әйелдерге таңдана мына сұраққа жауап іздейміз: «ол мұны қалай жасайды?» Сараның ойнаған кейіпкері Джессика Паркер – қор басқарушысы және екі баланың анасы – ұзақ уақыт бойы мансап пен отбасын біріктіре алған әйел.

Дегенмен бір күнде 24 сағат бар, сондықтан қандай да бір сәтте сіз қатаң басымдықтарды қоюыңыз керек. Мүмкін, тіпті құрбандыққа да барасыз немесе мүмкіндікті пайдаланып, бәрін басқаратын керемет әйел болуға тырысасыз. Бұл фильмде басты кейіпкер жұмыс пен отбасы арасындағы осындай қажетті тепе-теңдікті қалай табуға болатындығын анықтауға тырысқан. Ол сол тепе-теңдікті тапты ма? Бұл сұрақтың жауабын сіз осы фильмді көрген кезде таба аласыз.

«Үлкен бастық», 2016

Көңілді, жігерлі және ойландыратын фильм. Меллис Маккартидің кейіпкері – табысты іскер әйел. Бірақ кенеттен оның компаниясы сәтсіздікке ұшырап, қаржылық алаяқтық жасады деген айыппен түрмеге түседі. Бостандыққа шыққаннан кейін ол өзінің бизнесін жалғастырғысы келмейді. Дегенмен алға қарай ұмтылып, құрметке ие болғысы келеді. Бұрынғы қызметкерінің мейірімділігінің арқасында ол үй алып, содан кейін оның өмірінде жаңадан қуаныш әкелетін отбасын табады. Бұл көруге жеңіл әрі қызықты фильм сізді ешқашан берілмеуге шақырады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Елде тұңғыш рет радиофармацевтикалық препарат өндірілді

19.12.2022
фото: freepik

Салық төлеу үшін әкім аппаратының БСН-ын қайдан табуға болады?

25.08.2023

Ауқатты адамдар 3 есе көбірек тамақ тұтынады

31.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа