No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Келтірілген шығынды кім өтейді?”: “Алтын орда” базарының әкімшілігі мәлімдеме жасады

07.07.2023
Жаңалықтар
фото: Informburo.kz

фото: Informburo.kz

248
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Атышулы “Алтын орда” базарынан тағы дау шықты. Бұл туралы сауда-логистикалық орталықтың желідегі ресми парақшасында хабарланды, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы.

Сауда орталығының мәліметінше, “Алтын орда” базарының атқарушы директоры Эрмек Марқабаевтың BMW маркалы автокөлігінен 4,5 млн теңге ұрланған.

“Автокөлік Қарасай аудандық полиция басқармасының аумағында тұрған. Бұл ақпаратты құқық қорғау органының өзі хабарлады. Кезекші маманның рапортына сәйкес, көліктің терезесін белгісіз біреулер шағып, 4,5 млн теңге қаражатты қолды қылған. Полиция қазір аталған қылмысты кім және қалай жасағанын анықтап жатыр. Осы орайда бірнеше сұрақ туындайды. Мәселен, полиция басқармасының қатаң күзетілетін аумағына кім кіруі мүмкін және қалай? Келтірілген шығынды кім өтейді? Автокөлікті кім орнына келтіреді? Қылмыстық іске еш қатысы жоқ және ішінде 5 млн теңгеге жуық қаржы болған көлікті басқарманың аумағына қою қаншалықты маңызды еді?”, – делінген хабарламада.

Алматы облыстық полиция департаменті аталған жайтқа пікір білдірді.

“Ағымдағы жылдың 02 маусымында Қарасай аудандық полиция бөліміне BMW Х7 автокөлігімен келе жатқан белгісіз тұлғалар атыс қаруын заңсыз тасымалдап, сақтауы мүмкін деген хабарлама келіп түскенін хабарлаймыз. Автокөлікті тексеру барысында көліктің алдыңғы бөлігіндегі қобдишада 4 млн 500 000 теңге көлеміндегі белгісіз біреулер ұрлап кеткен делінген ақшаның сақталғаны анықталды. Аталмыш факті Қарасай ауданы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде 188- бабы, 3-бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта қылмыстық фактінің толыққанды және жан-жақты зерттелуін қамтамасыз ету үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде”, – деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетелік, бұған дейін “Алтын орда” базары басшысының орынбасары ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Минимал өміршең өнімді сату тәсілін қалай 2 күнде ойлап табуға болады?

25.12.2022

Шымкенттіктерге 1,5 млрд теңгеге жалған шот-фактура жазып бергендер сотталды

04.08.2022

“3,5 миллион”: Елордада мешіт қызметкері ақша ұрлады деген күдікке ілінді

06.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа