Жарты жыл ішінде өңірге негізгі капиталға шамамен 250 млрд теңге инвестиция тартылды, өткен жылға қарағанда өсім 6,4% – ды құрады.
Ағымдағы жылға жоспар-697,7 млрд теңге, бұл облысты республика бойынша 8-орынды қамтамасыз етті. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Сағыныш Нұрқымбаевтың айтуынша, өңірде барлығы 143 инвестициялық жоба бар. Басым бөлігі ауыл шаруашылығына қатысты – 71, өнеркәсіпте – 33, білім беру және денсаулық сақтау салаларында-39.
Ең көп инвестиция көлемі өнеркәсіпке бағытталды-1,1 трлн теңге. Ауыл шаруашылығында – 239 млрд теңге, қалғандарында-854 млрд теңге.