LRT ісі бойынша барлық айыпталушыға үкім шықты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты “Астана LRT” серіктестігінің Басқарма төрағасы Талғат Арданды жеті жылға бас бостандығынан айырды.
Ал, Астана қаласы әкімінің орынбасары болған Қанат Сұлтанбеков те осындай жазаға кесілді. Ол өмір бойына жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан шеттетілді.
Жемқорлық бойынша кінәсі дәлелденген тағы бес адам жеті жылға бас бостандығынан айырылды.