Павлодарда 66 жастағы тұрғынның мәйіті өз пәтерінен табылды, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, оның денесінен ұрып-соғу белгілері анықталған.
Қазір бұл іске қатысты ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.
1Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ұлы қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Қазір оны ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр1, – делінген ҚР ІІМ таратқан мәліметте.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.