Ресей астанасында кем дегенде екі дрон құлап, көпқабатты үйге зақым келтірген, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
Мәскеу мен Мәскеу облысына дрондар шабуыл жасады. Telegram-арналар хабарлауынша, астананың оңтүстік-батыс және батыс аудандарында кем дегенде екі дрон құлаған.
Baza телеграмм-арнасында Мәскеу облысының Истра, Красногорск пен Одинцов аудандарында және Рублево кентінде әуе қорғанысының жұмысы туралы хабарланғаны жазылған.
Мәскеу әкімі Сергей Собянин дрондардың шабуылын растады, ешкім қатты зардап шекпегенін, төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істейтінін айтты.
Киев осымен бір тәулік ішінде үшінші рет ресейлік шабуылға ұшырағанын еске саламыз. Украина билігі мәлімдегендей, өткен түні аралас және баллистикалық шабуылдан кейін тек дрондар қолданылды.