No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты өзінің казинодағы суретіне қатысты пікір білдірді

16.07.2023
Жаңалықтар
279
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өзінің желідегі казинода түскен суреттеріне байланысты түсініктеме берді. Ол казиноға тек зайыбымен концерт көру үшін барған. Ал құмар ойындарын ешқашан ойнамаған екен. Мұны ақпараттық арандатушылық деп атаған шенеунік оның артында кімдердің тұрғанын білетінін айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Депутат жұртқа объективті, тек шынайы тексерілген ақпаратқа сенуге кеңес берді. Айтуынша, желіде тараған сурет осыдан 7 ай бұрын, Мәжіліс депутаты болып сайланар алдында, 2022 жылдың 24 желтоқсанында Конаев қаласындағы Bellagio казиносында түсірілген.

«Мұнда біз зайыбым екеуміз танымал поп музыканттардың концертіне келгенбіз. Суреттен байқасаңыз, шырша мен қысқы жемпір киіп жүрмін. Достар, мен құмар ойынына тәуелді адам емеспін, тіпті ешқашан әуес болмағанмын, ойнаған да емеспін. Тіпті ойнамайтынымды осы суретте тұрып тұрғанымнан-ақ байқауға болады. Мұнда зайыбыммен бірге шай ішіп, қасында қарап отырғанымды аңғарасыз», – деді депутат.

Сондай-ақ ол өзінің Мәжіліс депутаттығына дейін жер мәселелері бойынша кәсіби коммерциялық заңгер болғанын алға тартты. Бұған дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген ол коммерциялық заңгер ретінде уақытын қалай, қайда өткізетінін өзінің жеке ісі деп санайтынын жеткізді. Ал Мәжілістегі белсенді әрекетінен кейін 7 ай өткен соң жасырын түсірілген осы жеке фотосуреттерді біреудің жариялауы кездейсоқ емес екеніне сенімді.

«Жақында Мәжіліс мінберінен еліміздегі жер қатынастары мен құрылыстың ең күрделі мәселелерін көтердім. Атап айтқанда, 8 облыс әкімдігінің тұрғын үйлердің жеке құрылысын инженерлік желілермен қамтамасыз етуге бөлінген 26 миллиард теңгені игермегенін және оны мақсатсыз пайдаланбау мәселесін қозғадым.

Парламент мінберінде Үкіметтен мемлекеттік жер кадастрын ашып, барлық жер иелері мен пайдаланушылардың аты-жөнін жариялауды талап еттім. Үкіметтің қарсылығына қарамастан заңсыз алынған мүлікті қайтару және жайылым мәселелері туралы заң жобаларына ұсыныс енгіздім. Сонымен қатар, тағы да қарсылықтарға қарамастан елді мекендердегі сейсмикалық, көшкін қаупі бар аймақтарда және тектоникалық бұзылыстарда жер телімдерін беруге және тұрғын үйлер салуға тыйым салуға қатысты заң жобасын әзірлеу туралы ұсыныс енгіздім.

Бұл ұсыныстардың барлығы әкімдік шенеуніктерінің іріктелген құрылыс салушыларға жер телімін жосықсыз беру үшін жасаған ұзақ мерзімді сыбайлас жемқорлық әрекеттері мен схемаларын бұзады», – деді мәжілісмен.

Ол осының бәрінің артында тұрғандардың есімдерін оңай болжай алатынын да ескертіп қойды.

«Маған күйе жағушылардың басты мақсаты – депутат бола тұра казинода жүргенім туралы ақпаратты таратып, халық алдында беделімді түсіру. Сол арқылы жер мәселесінде сыбайлас жемқорлықпен күресудегі күш-жігерімді азайтқысы келеді. Маған ақпараттық қысым көрсету арқылы бұл ұсыныстарды заң жобасы ретінде іске асыруға кедергі жасамақ. Бұл – таза арандатушылық, жасырын түрде депутаттық қызметіме кедергі», – деді Бақытжан Базарбек.

Сонымен қатар ол құмар ойындарына тыйым салу туралы мәселе көтерілсе, жабылуын қолдап, өзінің бірінші дауыс беретінін алға тартты.

«Казино ішінде ойын автоматтары мен ойын залдарына ақшасын жұмсайтын құмарпаз азаматтарды көрдім. Ал мені айыптағандарға келетін болсақ, өзіме қарсы жасалған бұл ақпаратты арандатушылық деп есептеймін. Мен мұндай қулықтарға сынбаймын. Мүмкіндіктеріміз зор, ерік-жігеріміз жетеді. Бұл – тек бастамасы ғана», – деді ол.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

«ТастөбеАгроФуд» 10 тонна сүт шығарады 

14.07.2022

Көше кезген миллионер: ол кім?

12.12.2022

Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігі республикада жалпы ішкі өнімнің 40% құрайды

16.07.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа