No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«ME-Elecmetal» компаниясы Жетісу аймағында өңдеу ісімен айналыспақ

Жетісу облысының әкімі Чили компаниясының өкілдерімен кездесті.

11.11.2022
Жаңалықтар
1
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Бас қосу барысында чилилік бизнесмендер Қазақстанмен серіктестік байланыс орнатып, инвестиция салуға ниетті екендіктерін білдірді.

 

Атап өтсек, «ME-Elecmetal» компаниясы тау-кен өндірісі саласында диірмен қаптамаларын шығаруда өндірістік қуаты мен өнім шығару көлемі жағынан әлемде көшбасшы саналады.

 

Компания шикізатты Қытайдағы кен орнынан жеткізіп, Жетісу аймағында өңдеу ісімен айналыспақ. Олардың жылына 100-140 мың тонна жоғары сапалы өнім өндіру жоспары бар. Дайын өнімді өткізуде негізінен «KAZ Minerals» компаниясымен серіктес болатындарын айтады.

 

«Талдықорған» индустриалды аймағының барлық қажетті инфрақұрылымдармен қамтылуы Чили кәсіпкерлерінің қызығушылығын туғызған.

 

«KAZ Minerals» компаниясымен келісімшарт жасасамыз. Сіздерге ұсынылып отырған жобамызды директорлар кеңесі бізге бекітіп береді. Содан кейін нақты қадамдар жасауға әзірміз», — деді «ME-Elecmetal» бірлескен компаниясының өкілі, ұсату бөлімінің аға атқарушы вице-президенті Зен Жу мырза.

Өз кезегінде Жетісу облысының басшысы Бейбіт Өксікбайұлы жобаларды дер кезінде жасау маңызды екенін алға тартты.

— Сіздермен серіктес болуға пейілдіміз. Дегенмен коронавирусты және басқа да себептерді алға тартып, кей жобалардың іске асырылуын ұзатып алған инвесторлар да бар. Бізге жобалардың уақытында жүзеге асырылғаны және оның өз тиімділігін көрсеткені керек. Ол үшін біз жергілікті атқарушы органға қатысты жұмыстарды дер кезінде атқаруға мүдделіміз. Өзіңіз атап өткен барлық құжаттық рәсімдер аяқталғанда тағы бір кездесіп, жобаның жай-жапсарын егжей-тегжейлі талқылауға әзірміз, — деді облыс әкімі Б.Исабаев.

 

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

Кәсіпкер қаперіне…

31.01.2023

Қармақшылық кәсіпкер 165 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр

18.08.2022

Ақшаға деген көзқарасыңызды өзгертетін 5 кітап

07.12.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа