No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекетке қайтарылған ақшаларды қайда жұмсайды

11.08.2023
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ұлттық экономика министрлігі “Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу және критерийлерін айқындау қағидаларын бекіту туралы” бұйрықтың жобасын әзірледі. Құжат қайтарылған қаражат жіберілетін әлеуметтік және экономикалық жобаларды анықтайды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Жобаларды қаржыландыру Қазақстанға қайтарылған заңсыз алынған активтер түсетін арнайы мемлекеттік қор есебінен жүзеге асырылатын болады.

Жоба мәтінінде “әлеуметтік жобалар” және “экономикалық жобалар” ұғымдары айқындалған.

Мәселен, әлеуметтік жобалар деп Денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын, мүгедек адамдарды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, ауыл жастарын, жұмыссыздарды, моноқалалар, ауылдық елді мекендер тұрғындарының мұқтаждықтары үшін коммуналдық және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылым объектілерін қолдау саласындағы жобалар және Үкімет айқындайтын өзге де жобалар түсініледі.

Өз кезегінде экономикалық жобалар – экономика салаларын дамытуға, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу үшін қажетті өндірістерді, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді құруға (жаңғыртуға) бағытталған жобалар.

Жобаларды жоспарлауды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері олар бекітілген критерийлерге сәйкес келген кезде жүзеге асырады.

Жобаларды анықтау критерийлері:

  • жобалардың мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларына және Президенттің тапсырмаларына сәйкестігі;
  • ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес жобалардың Бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттарының біріне сәйкестігі (экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымдық-инновациялық даму, әлеуметтік саланы жаңғырту) ;
  • объектілерді салу немесе реконструкциялау жөніндегі жобалардың техникалық жағынан күрделі емес және (немесе) үлгілік жобаларға сәйкестігі;
  • жобалардың елді мекендер үшін өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкестігі;
  • білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының, “Қазақстан халқына” Қоғамдық қорының және басқа да қайырымдылық қорларының қаражаты есебінен қаржыландырудың қайталануының болмауы;
  • жұртшылықтың жобаға бастамашылық жасауы және (немесе) оны БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жариялауы.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың Ағымдағы бюджеттік бағдарламалары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржы даму институттарына, Екінші деңгейдегі банктерге және микроқаржы ұйымдарына бюджеттік кредиттер арнаулы мемлекеттік қор есебінен қаржыландырыла алмайды.

Әлеуметтік және экономикалық жобаларды іріктеу тәртібі

Жобалар Бюджеттік инвестицияларды іске асыруға бағытталады.

Бюджеттік инвестициялар бойынша қажетті құжаттаманы әзірлеуді бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау және бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды және (немесе) қаржы-экономикалық негіздемелерді қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыларды белгіленген тәртіппен және мерзімдерде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жібереді.

Экономикалық сараптама жүргізу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің белгіленген құжаттарына, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына, Президент тапсырмаларына сәйкестігі тұрғысынан, сондай-ақ жобаның жоғарыда аталған өлшемшарттарға сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган қаржы-экономикалық негіздемелерге экономикалық сараптама жүргізу үшін Үкімет немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалатын заңды тұлғаны тартады.

Инвестициялық ұсыныстарға және (немесе) қаржы-экономикалық негіздемелерге оң экономикалық қорытындылар негізінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жобаларды қаржыландыру мәселесін қарау үшін республикалық бюджет комиссиясына арнаулы мемлекеттік қор есебінен құжаттар топтамасын қалыптастырады.

Жобаларды іріктеуді және Комиссияның қарауына шығаруды бюджеттік бағдарламалар әкімшілері Кодекстің 66-бабында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Бюджеттік өтінімді дайындау, оны бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ішінде келісу және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ведомстволық бюджеттік комиссиясында қарау мерзімдері бюджеттік бағдарламалар әкімшісі басшысының бұйрығымен бекітілген тәртіппен жүзеге асырылады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жобаларын олардың қаржылық қаражатпен қамтамасыз етілуі тұрғысынан, растайтын құжаттардың болуына қарайды.

Бюджеттік өтінім оны жасау және ұсыну жөніндегі ҚР бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган оны бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қараусыз қайтарады.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі пысықталған бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ол қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынады.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган материалдарды қарау қорытындылары бойынша бюджеттік өтінім бойынша қорытынды қалыптастырады және инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытындыны, қаржылық-экономикалық негіздемеге экономикалық қорытындыны ескере отырып, Комиссияның қарауына енгізеді.

Комиссия бюджеттік өтінімдерді қарайды және олар бойынша ұсыныстар әзірлейді, сондай-ақ жұмыс органы дайындаған материалдарды қарауды жүзеге асырады, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын және объектілер бөлінісіндегі Бюджеттік инвестицияларды қоса алғанда, басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесін, сондай-ақ жоспарлы кезеңге облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, Астана бөлінісіндегі нысаналы даму трансферттерін айқындайды.

Комиссияның оң шешімі негізінде жобалар Заңның 32-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен қаржыландырылады.

Жоба 2023 жылғы 24 тамызға дейін “Ашық НҚА” порталында жария талқылау үшін орналастырылған.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: Instagram.com/kris__p__almaty

Алматылықтар кинотеатрдағы қолданылған шприцтерді көріп шошып кетті

21.07.2023

Кәсіпорын ашуға тиімді қарыз берілмек

21.02.2023
фото: ашық дереккөз

“Барлығын кәсіпкерлерге беріп жатыр”: Павлодар облысының тұрғындары жайылым тапшылығына шағымданды

21.08.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа