No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекеттен қолдау алатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімі азайды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Үкіметтің ауыл шаруашылығында субсидия алатын өнімдердің тізімін фермерлермен келіспей бекіткенін хабарлайды.

21.09.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Бүгін Ұлттық палатаның алаңында ауыл шаруашылығындағы кейбір өңделген тауарларды мемлекеттен қолдау көрсетілетін тізбеге қайта қосу мәселесі талқыланды.

 

Ұлттық палата сарапшыларының мәліметінше, бұған дейін отандық өңдеу өнеркәсібінің тауарларын сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі шығындары ішінара өтелетін тауарлар тізбесіне 4769 позиция, оның ішінде азық-түлік тауарларының 735 позициясы енгізілген. Қағидаларды сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (Сауда министрлігі) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес әзірлеп, бекіткен. Алайда, осы жылғы 1 тамызда ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. № 314-НҚ бұйрығы шықты және оған сәйкес тізім айтарлықтай қысқарып, 3808 тауарға дейін азайды, оның ішінде тамақ өнімдерінің 98 позиция қалды.

Яғни, мемлекеттен қолдау алатын өнімдердің саны азайды.

«Бұл тізім субсидия алатын тауарлардың тізімі. Мұны бәріміз білеміз. Өкінішке қарай, 700-ден астам өңдеу тауары болған, енді тек 98 болып қалды. Бірнеше есе қысқарды. Мұның бәрі кәсіпорындардың қызметіне кері әсер етеді. Алдымен Үкімет көмек көрсетеміз тізімге қосты, кейін алып тастады. Бизнес мемлекеттің қолдауы қандай, сенуге бола ма деген оймен екі ортада қалды», – деп көтерді мәселені Ұлттық палата АӨК департаментінің директоры Ербол Есенеев.

 

Астық өңдеушілер одағының басшысы Әлихан Талғатбек кәсіпкерлердің атынан сөйлеп, тізімге ұн мен жем өндіру кірмей қалғанын атап өтті.

 

«Сауда министрілігі «Өнеркәсіптік саясат туралы» жаңа заңға сәйкес біздің өнім тізімнен шығып тұр. Бізге түсініксіз. Министрліктер мәселені бір-біріне сілтейді. Сауда министрлігі бұл тізімге қатысты бұйрықты Әділет министрлігімен келісіп, шығарған. Біздің өндірушілерді осы тізімге қосуды сұраймыз», – деді Әлихан Талғатбек.

 

Қостанай облысындағы «Қазторгтранс» ЖШК басшысы Халилулла Гран Ака үкімет проблеманы өзара шешпесе, шетелдік нарыққа шығуға дайын екенін жеткізді. Оның айтуынша, көрші елдердің үкіметі бірнеше жылға қолдау көрсетуге дайын.

 

Сонымен қатар, Сауда министрлігі, АШМ және Индустрия министрлігінің өкілдері пікірін айтты. Бірақ біржақты шешім шықпай, Үкімет мүшелері бір-біріне жүктеді.

 

Ұлттық палата өкілі Ербол Есенеев талқылауды қорыта келе, мәселені вице-премьер деңгейіне шығаратынын мәлімдеді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Алматы облысындағы селдің салдарынан 140 отбасы үйсіз қалды

22.07.2023

Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды

17.06.2023

Түркия Қазақстанға өсімдіктердің генетикалық банкін құруға көмектеседі

24.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа