No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекеттік бағдарлама аясында «Terra Nova» зауыты индустриалды-инновациялық дамуды жеделдетуде

23.11.2022
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Елтай ауылдық округінің аумағында орналасқан «Terra Nova» ЖШС-не қарасты алкогольсіз сусын мен табиғи ауызсу шығаратын зауыт 2014 жылдан бері тұтынушыларға сапалы өнім ұсынып келеді. Енді «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қаржылық қолдауымен зауыт өндірісі жетілдіріліп, сусындарды қаңылтыр құтыларға құйып шығаратын жаңа құрылғылармен  жабдықталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz ақпараттық порталы. 

«Terra Nova» зауыты индустриалды-инновациялық дамуды жеделдету  жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында қолға алынды. Бұл жобаға барлығы 4,5 млрд.теңге тартылған болса, оның 2,5 млрд.теңгесі несиеге алынып, 1,3 млрд.теңгесі жеке инвесторлардың үлесіне жатады. Пайдалануға берілген уақыттан бастап зауытта 150 млн.дана өнім шығарылып, мемлекет қоржынына 893 миллион теңге салық түсірген. Алдағы уақытта өндіріс ауқымын ұлғайту да көзделіп отыр.

Алғашында зауыт суды тазартудың озық технологияларын пайдаланатын германиялық қондырғылармен жабдықталған болатын. Ал, 2021 жылы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингіне қарасты «Қазақстанның даму банкі» және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның қолдауымен Қазақстан Республикасы индустриалды-инновациялық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жаңа жоба қолға алынды.  Қордың инвестициясы  жылына 40 млн.құты сусын немесе 15 млн.литр өнім шығаратын қондырғылар сатып алуға бағытталды. Атқарылған шаралар мемлекет қазынасына жылына 300 млн.теңге салық түсіріп, сусын өндірісін  импорттық тәуелділіктен арылтып, отандық өнімнің экспорттық әлеуетін  жоғарылататын  болады. Сонымен қатар, мұнда еңбек ететін 110 маманның жұмыс орындары сақталып, қосымша  бірліктер ашылады деп күтілуде.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева өндіріс қуаты еселеп артқан зауыттың ашылуымен құттықтап, кәсіпорынның аудан экономикасы мен әлеуметтік дамуына қосып отырған қомақты үлесін атап өтті.

Осыдан кейін зауыт директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Надежда Плотникова мен бас инженері Сергей Карпенко салтанатты шара қонақтарын кәсіпорынның жұмысымен таныстырды. Алатаудың мәңгі мұздықтарынан бастау алатын табиғи таза суды 350 метр тереңдіктен ұңғымалар арқылы шығарғаннан кейін бірнеше мәрте тазартудан өткізіледі. Бұл жерде тазартуға ешқандай химиялық қоспалар пайдаланбайтынын да айта кету керек. Жұмыс процесі толықтай автоматтандырылғандықтан адам күші қажет етілмейді. Ыдыстар мен жабдықтарды тазалап жуып, химиялық өңдеуден өткізетін бөлімдегі қауырт қимыл да көз сүйсіндіреді.

Ал, «SALAMSU» сауда маркасымен шығатын алкогольсіз өнімдер және лимон, құлпынай, көк алма шырыны қосылған суды құтыларға құйып, дайын өнім шығаратын цех – зауыттың жүрегіндей бір ырғақпен жұмыс жасауда. Бұл жерде сусындар 250, 330 және 450 миллилитрлік құтыларға құйылып, тұтынушыларға жол тартады екен.

Бір айта кетерлігі, қаңылтыр құтылар Қазақстанда жасалмайтындықтан оны Қытай мен Кореядан жеткізуге тура келеді. Зауытта сонымен бірге 500 миллилитрлік пластикалық ыдыстарға құйылатын ауызсу мен энергетикалық сусындар, суық шай мен лимонад өнімдері де өндіріледі.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Әулиекөл кәсіпкерлеріне өртенген бизнесі үшін өтемақы төленеді

12.10.2022

Ауылшаруашылығы министрі қарағандылық фермерлермен кездесті

23.10.2022

Қазақстанда АЭС салына ма? – “Самұрық-Қазына” Қорының төрағасы жауап берді

13.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа