No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекеттік күзет қызметі бұдан былай Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді

25.07.2023
Жаңалықтар
фото: ашық дереккөз

фото: ашық дереккөз

80
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 17 шілдедегі жарлыққа қол қойып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы ереженің жаңа редакциясын бекітті, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Атап айтқанда, қазір МКҰ міндеттеріне мыналар кіреді:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • ҚР Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
  • күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа жерлерде меншікті қорғау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • өз өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
  • күзетілетін адамдар мен объектілерге төнетін қатерлерді болжау және анықтау, олардың алдын алу және бейтараптандыру жөніндегі жедел шаралар кешенін жүзеге асыру;
  • ҚР Мемлекеттік туы мен ҚР Мемлекеттік елтаңбасының эталондарын қорғауды жүзеге асыру және салтанатты және хаттамалық іс шараларды орындауға қатысу;
  • президенттік байланыспен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • заңдармен және ҚР Президентінің актілерімен айқындалатын өзге де міндеттер.

Бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі ҚР тұңғыш Президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен, сондай-ақ ҚР тұңғыш Президентінің өміріне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, қадір-қасиеті мен меншігіне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтауға, олардың алдын алуға және жолын кесуге, оны ҚР аумағында және шетелде халықаралық және өзге де байланыс түрлерімен қамтамасыз етуге жауапты болған.

Енді бұл тармақтар Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережеден алынып тасталды. Сондай-ақ ережеден ҚР тұңғыш Президенті қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу алынып тасталды.

Жарлық 2023 жылғы 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Нан бағасы тағы да қымбаттай ма: сарапшылар не дейді?

01.10.2022

Жас кәсіпкер: “Бастайтын ісіңді алдын ала зерттеп, жан-жақты білгеннен кейін ғана кірісу керек”

21.07.2022

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген такси жүргізушілерінің көлігі тәркіленуі мүмкін бе?

09.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа