No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мемлекеттік квотаға ілінбегендер балалы болу мүмкіндігіне ие

27.04.2023
Жаңалықтар
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Бедеулікпен күресіп жатқан қазақстандықтар саны жеткілікті. Бірақ та ол мәселені шешу үшін мемлекет тарапынан қойылған арнайы талаптарға сай келу керек еді. Ал бұл өз кезегінде белгілі қиындықтарға соқтырып жатты. Енді мемлекеттік квотаға ілінбеген отбасыларда балалы болу мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Бірақ әлемде балаға мұқтаж жандарға  сәби сыйлайтын мүмкіндік көп. Экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ), бала асырап алу, суррогат ананың көмегіне жүгінуге болады. Елімізде ЭКҰ жасатқан мыңдаған отбасы бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды. Осы орайда экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квотаның саны 7 мыңға дейін артты. Осылайша, мыңдаған отбасы бала сүю бақытына ие бола алады. Ал барлық шығын мемлекет есебінен төленеді.

Бұл мүмкіндікті Орта Азия бойынша біздің мемлекет қана беріп отыр. Елімізде «бедеулік» диагнозы қойылған 14 мыңнан астам әйел мен 100-ден аса ер адам бар. Олардың кейбіреулері қосалқы технологияларға мұқтаж. 

Бағдарламаға өтініш берушілерге қойылатын талаптар аз емес. Соның ішінде репродуктивті жасы – 18-ден 49 жас аралығында және фолликулярлық резерві жоғары болуы шарт.

Алайда мамандар үміткерді медициналық тексерістен өткізгеннен кейін одан экстракорпоральды ұрықтандырудан бас тартуы да мүмкін.  Мұндай шешім үміткерден төмендегі белгілер табылған жағдайда болады. Атап айтсақ, жатырдың туа біткен немесе жүре біткен ауытқулары, соматикалық және психикалық бұзылулар, аналық без ісіктері және онкология.

Жалпы, 2022 жылдың аяғында «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында  6,5 мың әйелге  көмек көрсетілген. Нәтижесінде, 2 650 отбасында 3 110 сәби дүние есігін ашты.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режимді енгізбек

04.05.2023

Көше кезген миллионер: ол кім?

12.12.2022

Қазақстандық «Сафаридің» келбеті тым басқа

08.07.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа