No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Microsoft-тың мультиаймақтық хабы Қазақстанда ашылады

10.04.2023
Жаңалықтар
97
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

«Microsoft» корпорациясымен Қазақстан аумағында орналасатын мультиаймақтық хаб ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің және Microsoft-тың Қазақстандағы Бас директоры Сергей Лещенкомен екіжақты кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Хаб қызметі Орталық Азия, Әзербайжан, Армения, Грузия, Моңғолия және Пәкістан елдерін қамтитын  болады.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Microsoft хабының ашылуы Қазақстанға аймақтық ауқымда технологиялар мен озық шешімдерді тарту орталығына айналуға мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ бұл хаб Microsoft корпорациясының технологиялық даму және инновациялар орталығы бола отырып, адами капиталды дамыту және ұлттық экономиканы нығайтудың драйвері бола алатынын атап өтті.

«Қазақстанда «Microsoft» аймақтық хабының құрылуының маңызы бар. Елдеріңізде тиісті инфрақұрылым бар. Біз қуана-қуана бірлескен жобаларды іске асырып, сіздермен жұмыс істегіміз келеді» – деп атап өтті Microsoft компаниясының Қазақстан бойынша Бас директоры Сергей Лещенко.

Айта кеткен жөн, өткен жылдың қыркүйек айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йорк қаласында өткен 77-сессиясына қатысу үшін жасаған сапары аясында «Microsoft» корпорациясының Орталық және Шығыс Еуропа бойынша бас директоры Мишель Симмонспен кездесуі өтті. Кездесу аясында одан әрі ынтымақтастық орнату, атап айтқанда, қазақстандық кеңсені өңірлік хабқа дейін кеңейту мәселелері талқыланды.

Наурыз айында Бағдат Мусиннің Кремний алқабына жұмыс сапары барысында Microsoft кеңсесінде Қазақстандағы кеңсені кеңейту перспективалары жайлы тағы да сөз қозғалды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Төлем карталарының қандай түрін білесіз?

05.01.2023

Сүт өнімдері қымбаттауы мүмкін бе?

18.01.2023

Әйелдерге арналған бизнес түрлері

26.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа