Мүлікке тыйым салу – белгілі бір жағдайлар үшін біздің еліміздің заңнамасымен көзделген шара. Өйткені үшінші тұлғалардың қарыздарына салынған ауыртпалықтардың салдарынан жылжымайтын мүлікке тыйым салынған жағдайлар кездеседі. Мұндай жағдайларда не істеу керек?
Мүлікке тыйым салу ауыртпалық, атап айтқанда шектеу болып табылады. Ол сіздің еркіңізбен тыс заң негізінде іске асады. Тыйым салу сіздің мүлікке иелігіңізді, пайдалануыңызды немесе басқаруыңызды шектейді.
Айталық, сіздің банктен ипотека арқылы алған пәтеріңіз бар. Бірнеше ай бойы төлем жасамай, банк алдындағы жауапкершілікті орындамай жүре бердіңіз делік. Осылаша бір күні мекенжайыңызға соттан хабарлама келуі мүмкін. Оның ішінде сіздің мүлкіңізге тыйым салынғаны туралы ақпарат жазылып тұрады. Мүлікке салынатын тыйымды сот қана емес, сот орындаушы, тергеу органы, алдын ала тергеу органы, кейде Қаржы министрлігінің салық комитеті сала алады. Жалпақ тілмен айтқанда, бұл осылай тыйым салудан басқа амал қалмағанда қолданылатын тәсіл.
Сот тарапынан мүлкіңізге «арест» қойылып, бірақ сізге мүліктің үлесі ғана тиісті болған жағдай кездеседі. Ондай кезде тыйым салу сіздің бөлікке ғана қолданылады. Ескере кететіні: сату не басқа мәмілелер жасай алмайсыз.
Тыйым салуды алу үшін аталмыш істі қарастырған судьяның атына жазбаша өтінішпен жүгіну қажет. Өтінішке сот шешімінің орындалғандығының дәлелін қоса тіркеу керек. Бұл Қазақстан Республикасы «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 4- бабына сәйкес сот атқарушының атқарушылық іс жүргізілуінің тоқтатылуы туралы Қаулы болуы мүмкін.
Сот тыйымды алу туралы анықтама шығарады немесе бас тартуы мүмкін, бірақ шығарылған күннен бастап аппеляциялық инстанцияда шешімді 10 жұмыс күн ішінде талап ете аласыз. Тыйым салу сот шешімі заңды күшіне енуіне қарай алынады.
Сот акті бойынша талаптарының толық атқарылғандығынан, атқарушылық санкцияның республикалық бюджетке 10% төленгендігінен, жеке сот атқарушының іс жүргізуі үшін ақыны төленуден кейін сот атқарушы мүлікке тыйым салынуын болдырмауы мүмкін.
Игорь ЦОЙ,
Жетісу облысы жеке сот орындаушысы