Нұрбол Назарбаев «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының атынан Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге 500 000 доллар жіберді. Бұл туралы қоғамдық қордың басшысы Қасым Қасабеков пен Түркияның Төтенше және өкілетті елшісі Уфук Йокиджи арасындағы кездесуде белгілі болды. Кездесуінде кезінде екі тарап қордың тағы қандай көмек көрсете алатынын талқылады.
«Осы қиын сәтте Түркияның бауырлас халқы үшін біз қиын жағдайға тап болған адамдарға қаржылық көмек көрсету туралы шешім қабылдадық. Ақша алғашқы қажетті заттар мен дәрі-дәрмектерді сатып алуға бағытталған. Адамдардың басына түскен қиындықтарды тезірек жеңуіне тілектеспіз”, – деді қор директоры Қ.Қасабеков.
Айта кеткен жөн, «Салықалы ұрпақ» қоғамдық қоры 2016 жылы құрылған және халықтың осал топтарына білім беру мен денсаулық сақтау саласында көмек көрсетуге арналған. Осы уақыт ішінде аталмыш қор қайырымдылыққа 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлген. Сондай-ақ, қор жанынан «Береке үйі» жетімдер үйі жұмыс істейді, онда 70-тен астам бала тәрбиеленді.