No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Нейрондық желілер арқылы жасалған алғашқы жарнама жарық көрді

29.05.2023
Жаңалықтар
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Уақыт ағымына ілесе алмаған бизнестің болашағы бұлыңғыр. Сондықтан да бүгінгі кәсіпкерлік саласында жаңа технологияны пайдалану тенденциясы анық байқалады. Мәселен, қазақстандық автомобиль өндіруші Allur компаниясы жарнама агенттігімен бірлесіп, Орталық Азиядағы нейрондық желілер арқылы жасалған алғашқы бейнероликті жарыққа шығарды, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.

Бір минуттық бейнеролик “Сапарымыздың алғашқы күнінен біз алға ғана ұмтыламыз” деген сөздермен көрермендердің назарын өзіне аударады. Өйткені, бұл 20 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан компания ұжымының талапшылдығын әрі күш-жігерін сипаттайды.

“Біздің бұл идеямыз көрерменге көліктердің тек тасымалдау құралы емес екенін түсіндіреді. Біздің ойымыз, керсінше көпшілікке жаңа техниканың ерекше сезім сыйлайтынын, алға ұмтылдыратынын, жаңа бастамаларға жетелейтінін көрсету”, – дейді компанияның шығармашылық директоры.

Жасанды интеллект адам баласына ең қажетті дүниені көрсете алады. Мәселен, біз көлікте немесе автобуста келе жатқанда армандарымызға қарай жол саламыз. Осындай қозғалыстың барысында еңбектенеміз және демаламыз, жақын адамдарымызбен байланысамыз, шет тілдерін үйреніп, ойыларымызбен бөлісеміз. Сюжетте де дәл осындай шынайы адамдардың бет-бейнесі нейрондық желілер арқылы жасалған бейнелермен үйлесімді айшықталады. Бұл қызықты процесс адам қиялын таңғалдыра түсті.

“Біз көрнекі бейнелерде жеке кеңістіктің идеясын жеткізу үшін дәстүрлі жеңіл әдістерді қолданбадық. Біз нейрондық желілерді пайдаланып, жарнамалық бейнеролик жасайтын Орталық Азиядағы бірінші, әлемдік тәжірибедегі алғашқылардың бірі болғымыз келді. Жасанды интеллект жұмысы әлі де болса қалағанымыздай керемет емес екенін түсінеміз. Дегенмен, адамның ішкі әлемі туралы ойланғанда, қандай да бір уақытша материя туралы айтқанда, бұл тәсілдің біздің пайдамызға қызмет ететінін ұқтық”, – деді Алексей Лейбович.

Бейнероликтің түсірілімі мен өндірісін Қазақстан нарығындағы автомобиль брендтерімен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар продюсерлік студия жүзеге асырды. Нейрондық желілермен жұмыс істеуді қазақстандық жетекші нейросуретші, Jah Khalib-тің “Осенняя” бейнебаяны және қазақша “Жұлдызды соғыстар”, “Сақиналар әміршісі” фильмдерімен кеңінен танылған Риз Есентаев мойнына алды.

Маркетингтік мақсатта AI технологияларын пайдалану – әлемдік жетекші компаниялар ұстануға ұмтылатын заманауи үрдіс. Жарнамадағы жасанды интеллект шығармашылықпен айналысуға, тиімділікті арттыруға және өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Автокөлік компаниясы өзінің басты құндылығы адам екенін біледі. Сондықтан да 6 мыңға жуық маманды бір ортақ мүддеге – адамдардың игілігі үшін қызмет етуге біріктіріп отыр.

Әрбір қазақстандық өз мақсатына еркін әрі сенімді қадам басуы үшін алдағы барлық кедергілерді жоюы керек. Міне, бейнероликте де дәл осы ой айтылған.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

«Микрокредиттің қыр- сыры»: қарыз алушылар нені білулері қажет

16.01.2023
фото: ашық дереккөз

20 жасар жігіт дәретхана жуып ай сайын 15 млн тауып жүр

07.08.2023

Кәсіпкерлік негіздерін  онлайн оқу мүмкіндігі туды

25.07.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа