Қаскелең қаласында Kazbusiness клубының кезекті кездесуі өтті. Шараға әр салада еңбек сіңіріп жүрген 20 шақты жеке кәсіпкер қатысты, деп жазады kazbusiness.kz.
Кездесу нетворкинг форматында ұйымдастырылды. Алдымен Kazbusiness клубының мүшелері клубқа жаңадан қосылған кәсіпкерлермен танысты.
Еркін әңгімелесу ретінде өткен кездесу барысында клубта ұйымдастырылатын іс-шаралар, кездесулер форматы, өтетін уақыты мен тақырыптары айтылып, талқыланды. Одан бөлек кездесу кезінде кәсіпкерлер өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ қатысқан әр кәсіпкер бизнесінде ақсап тұрған түйткілді мәселесін айтып, шешу жолдары туралы өзара ақылдасты.
Кездесу барысында кәсіпті жүргізуде әлеуметтік желінің алатын рөлі туралы да айтылды.
Айта кетейік, Kazbusiness қатарына қосылған кәсіпкерлер саны күннен күнге артып келеді.