No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Нұрзат Бердіқан : «Нақты шешім қабылдамағанда, жеке іс бастамас едім»

08.11.2022
Жаңалықтар, Дара кәсіпкер
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Талай адамның тағдырының түрленуіне ықпал еткен 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы Алматы облысында қарқынды жүзеге асуда. Бүгінгі күні санмыңдаған адам екі қолға, бір күрек тауып, өзінің сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік алған жайы бар. Солардың бірі, Қарасай ауданының тұрғыны Нұрзат Бердіқан.

 

Ол Қытай Халық Республикасының тумасы. 2012 жылы ата жұртқа қоныс аударған. Қазіргі таңда Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны. 4 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ананың негізгі мамандығы – ұстаздық. Қытайдағы жоғарғы оқу орнында арнайы білім алған.

 

Туған топыраққа көшіп келгеннен кейін Нұрзат Бердіқан үйде отырып, ауыл арасында компьютер арқылы жұмыс жасаған. Сол кездегі алғашқы қадамдар кәсіпке бастар жол болғанын білмесе керекті.

 

«Үйде бала тәрбиесімен айналысқан соң басқа жұмысқа шығудың ыңғайы келмеді. Оның үстіне ата-енемен бірге тұрамыз. Күнделікті үйдің тірлігін алып жүру тағы бар. Компьютер тілін білгендіктен осы бағытта жұмыс жасап көруге бел будым. Түрлі оқуларын да оқыдым. Бір жағы жолдасымның көмегі көп тиді. Оның негізгі мамандығы IT саласымен байланысты», -дейді кәсіпкер.

 

Отбасының жанында, ұрпақ тәрбиесімен айналысқан ананың армандарының бірі осы ісін кеңейту болған еді. Талайдан бергі көкейіндегі ойының іске асуына мемлекет берген мүмкіндік сеп дейді өзі.

 

2019 жыл Нұрзат Бердіқанның жаңа белеске көтерілуіне жол ашқан кезең болды. Дәл сол жылы ол кәсіпкерлікті дамытуға қатысты ақпараттарды іздестіреді. Көк жәшіктен күнде берілетін хабардың бірінде кәсіпкерлікті оқытуға қатысты мағұлматты құлағы шалып, артынша осының анық-қанығына көз жеткізбекке ниет етеді. Әр ісінде қолдау көрсететін отағасы, өзінің жан-жары бұл жолы да жұбайының жаңа іске білек сыбана кірісуіне рұқсатын беріп, « кәсібіңді аш, сенің қолыңнан келеді», деп жігерлендіреді. Міне, жолдасының бір ауыз сөзі оның қанатын қомдауына себепкер болды.

 

«Ақпаратты естігеннен кейін, ортақ шешімге келіп, тұрғылықты жердегі «Атамекен» кәсіпкерлік палтасына барып кеңес алып, өтініш қалдырдым. Арада біраз уақыт өткен соң оқуға шақырды. Арнаулы білім алып, сертификатты сәтті қорғадым»,- деп сөзін сабақтады Нұрзат.

 

Сынақтан сүрінбей өтткен Нұрзат Бердіқанның қуанышы қойнына сыймағаны белгілі. Дегенмен жеке іске аяқ басқан жанның ойын «сертификат қолда, енді не істеу керек?» деген сұрақ мазалаған еді.

 

Бұл сауалдың шешімін Нұрзат жұмыспен қамту орталығынан іздеп барады.

 

«Жұмыспен қамту орталығының мамандары бизнес жоба даярлап, оны қорғау керектігін айтты. Кәсіптік бағдарымызды бүге-шүгесіне дейін жолдасым екеуміз өз күшімізбен жазып шықтық. Жоспар өзіміз үшін сәтті шықты. Ендігі кезек оны қорғауға келді. Басында қобалжу болды. Өтпей қаламба деген күдіктің болғанын жасырмаймын. Алайда, сәттілік күліп қарады ма, кедергісіз қорғадым»,-дейді кәсіпкер.

 

Нұрзаттың айтуынша, қазіргі таңда өзі жұмыс жасайтын компьютерлік салонда бірнеше қызмет түрі көрсетіледі. Атап айтсақ, тойға шақыру, баннер, үлкен және кіші көлемдегі суреттер шығару, қағаздарды басып шығару , визитка жасау, әрі кеткен суреттерді жаңалау сынды қызметтер ұсынылады. Әзірге бір өзі еңбек ететін сурет салонын алдағы уақытта кеңейту көзделген.

«Егер нақты шешім қабылдамағанда, жеке іс бастамас едім, деген Нұрзат Бердіқан осындай жобаны іске қосқан мемлекетке алғысын айтуда.

 

«Жастарды,көп балалы аналарды қолдап, қуаттап үлкен жетістікке жетуге мүмкіндік беріп отырған үкіметке рақмет. еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,-деп сөзін түйіндеді Нұрзат Бердіқан.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстанда қымыз өндірісі қысқартылды

06.01.2023

МАЭК-те энергоблокты жөндеу жұмысы аяқталды

10.07.2023

Елордалық кәсіпкер алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

28.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа