No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Онлайн-полис: үйден шықпай-ақ нені сақтандыруға болады?

23.01.2023
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Цифрландырудың дамуымен халықтың қашықтан қаржылық сервистерге сұранысы артуда. Қазақстандықтар үйден немесе кеңседен депозиттерін рәсімдейді, несиелерін төлейді, ақшалай аударымдар жасайды, сақтандыру полистерін сатып алады.

Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін онлайн режимінде сатып алуға болады. Қашықтан қызмет көрсету түрі уақытты және материалдық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді: ешқандай жол жүріп, кезекте тұрудың қажеті жоқ, бұл карантиндік шаралар жағдайында өте маңызды. Сақтандыру шартын, міндетті сақтандыру түрлері болсын, кейбір ерікті сақтандыру түрлері болсын, электрондық түрде жасауға болады. Ол үшін өзіңізге ұнаған қызметті сақтандыру ұйымының сайтынан таңдап алып, санаулы минут ішінде электрондық түрде шартқа қол қою жеткілікті.

Сақтандырудың қай түрлерін қашықтан алуға болады?

Сақтандырушылардың сайты арқылы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандырудың келесі түрлері бойынша электрондық түрде сақтандыру полистерін ресімдеуге болады:

– көлік құралдары иелерінің жауапкершілігі. Сақтандырудың бұл түрі сақтанушыны автомобиль зақымданған кезде қаржылық шығындардан қорғау ғана емес, сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) нәтижесінде үшінші тұлғалардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу болып табылады;

– қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты нысан иелерінің жауапкершілігі. Мұнда үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірген нысандағы апат фактісі сақтандыру жағдайы деп танылады;

– туроператор мен турагенттің жауапкершілігі. Туристік өнімді сату бойынша қызметтерді жүзеге асыру кезінде туриске мүліктік және (немесе) басқалай мүддесіне келтірілген залалды өтеу түрінде сипатталатын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес бекітілген міндеттерімен байланысты туроператор мен турагенттің мүліктік мүддесі объектісі болып табылады.

– қызметкерлердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиғалардан жауапкершілігі. Сақтандырудың бұл түрі адам өмірі мен денсаулығына қауіпті қызметпен байланысты еңбек салаларында қажет. Бұл жерде сақтандыру оқиғасы қызметкердің қайтыс болуына немесе ішінара еңбекке қабілеттілігінен айырылуына әкеп соққан өндірістегі оқиға болып табылады;

– тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігі. Бұл теміржол, теңіз, су, әуе, автомобиль көлігі және тағы басқалары болуы мүмкін. Жолаушыларды тасымалдау кезінде олардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіруге әкеп соққан оқиға сақтандыру жағдайы деп танылады;

– жеке нотариустардың жауапкершілігі. Сақтандырудың бұл түрі жеке нотариустың нотариалдық іс-әрекеттер жасауы нәтижесінде зиян келтірілген үшінші тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады;

– аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігі. Сақтандырудың бұл түрі аудиторлық ұйым аудит жүргізген кезде мүліктік зиян келтірілген аудиттелетін субъектілердің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету болып табылады;

– міндетті экологиялық сақтандыру. Сақтандырудың бұл түрі шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыру кезіндегі апат нәтижесінде табиғи ортаның компоненттеріне келтірілген экологиялық залалды жоюды қамтамасыз ету болып табылады.

Ерікті сақтандыру шарттары да электрондық түрде жасалуы мүмкін. Сіз электрондық түрде сатып алуға болатын полистердің барлық тізімімен сақтандыру ұйымдарының сайтынан таныса аласыз. Ұйымның сенімді, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар екеніне көз жеткізіңіз. Мұны реттеушінің сайтынан тексеруге болады www.gov.kz.

Бүгінгі таңда Қазақстанда сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 27 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді, олардың 9-ы өмірді сақтандыру ұйымы.

Сақтандыру полисін электронды түрде рәсімдеу үшін не қажет?

Сақтандыру полисін электрондық түрде ресімдеу үшін сақтандыру ұйымының сайтында өзіңіз туралы деректерді дұрыс толтыру қажет: тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты (бар болса); ЖСН; телефон нөмір. Ең бастысы – дербес деректеріңізді сақтандыру ұйымының ресми сайтында енгізгеніңізге көз жеткізу, өйткені электрондық пошта немесе SMS арқылы келетін сілтемесі бар сақтандырушы сайтының фишингтік көшірмесіне енгізу қаупі бар. Сондықтан, ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және доменді тексеріңіз – ол https:/ деп басталуы керек, ал қорғалмаған сайт http:/ – ден басталады.

Электрондық түрде сақтандыру шартына қол қоймас бұрын неге назар аудару керек?

Ең алдымен, келісімшартқа қол қоймас бұрын оның шарттарын мұқият оқып шығу керек. Сіз оны онлайн-режимде жасайтындықтан, көңіліңіз қалмауы үшін ұйымды және сақтандыру өнімін таңдауда бұл процеске көп уақыт бөліңіз.

Сақтандыру шарты – сақтандыру ұйымы тұлғасындағы сақтандырушы мен сақтанушы – жеке тұлға (азамат) немесе заңды тұлға (компания) арасында жасалатын құжат. Шарттың талаптарына сәйкес сақтандырушы сақтанушыға шартта көзделген сақтандыру жағдайы басталған кезде төлемді жүзеге асыруға міндеттеледі.

Шартта (сақтандыру полисінде) міндетті түрде, өзгелерден бөлек, мыналар көрсетіледі:

* сақтандыру объектісі;

* сақтандыру жағдайлары;

* валюта түрі;

* сақтандыру сыйлықақысын да, сақтандыру төлемін де жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері және олардың мөлшері;

* сақтандырылған тұлғалар (пайда алушылар);

* сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының болуы немесе болмауы;

* сақтандыру полисінің жасалған күні және қолданылу мерзімі;

* дерекқор қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым берген сақтандыру полисінің бірегей нөмірі (электрондық түрде);

* сақтанушыға немесе сақтандырылушыға сақтандыру төлемін жасауға қажетті жеткіліксіз құжаттар туралы хабарлау мерзімі;

* сақтандыру полисінің қолданылу аумағы.

Сақтандыру жағдайларының тізімін де, сақтандыру жағдайларының ерекшеліктерін де мұқият оқып шығыңыз. Біріншісі – белгілі бір сақтандыру төлемі төленетін жағдайлар. Сақтандырушы өтемақыны шартта (сақтандыру полисінде) жазылған және көрсетілген жағдайларда болған қауіп-қатерлер мен сақтандыру жағдайлары бойынша ғана төлейді. Сақтандыру жағдайларынан айрықша жағдайларға сақтандырушы сақтандыру төлемін төлемеу құқығын өзіне қалдыратын оқиғалар жатады.

Шартта (сақтандыру полисінде) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушының жасайтын іс-қимыл тәртібі де көрсетіледі. Мұндағы ерекше маңызды нюанс – сақтандырушыны сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабардар ету мерзімі мен тәртібі екенін ескеріңіз. Егер ескерту мерзімі немесе тәртібі бұзылса, сақтандыру төленбеуі мүмкін. Бұл объективті және дәлелді себептерге байланысты ескерту мүмкін болмаған жағдайға қатысты емес.

Франшизаның қарастырылғанын және оның мөлшері қанша екенін тексеріңіз. Франшиза – бұл сақтанушының сақтандыру шығындарын өтеуге тікелей қатысуы. Осылайша, франшиза мөлшері сақтандыру жағдайы басталған кезде бюджеттен төленетін соманы көрсетеді. Франшиза көлемі неғұрлым көп болса, полис соғұрлым арзан және керісінше болады.

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшеріне келетін болсақ, оны есептеу үшін сіз көптеген сақтандыру ұйымдары өз сайттарына орналастыратын онлайн-калькуляторды пайдалана аласыз. Ол сізге қарастырылған жеңілдік бар болса, соны ескере отырып сақтандыру сомасын береді. Мысалы, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша жеңілдік мөлшері сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 10%-на дейін құрауы мүмкін. Ал, I және II топтағы мүгедектерге, зейнеткерлер мен ҰОС қатысушыларына жеңілдіктен басқа, сақтандыру полисі құнының 50% мөлшеріндей жеңілдік беріледі.

Сақтандыру полисіндегі сақтандырылған адамдарға назар аударыңыз. Егер сақтандыру полисінің шарттары бойынша көлік иесінен басқа сақтандырылған тұлғалар көрсетілмесе, мысалы, олардың кінәсінен ЖКО орын алған кезде, олар өздерінің жеке ақшасымен төлейді. Мұндай келеңсіздік орын алмауы үшін автокөлікті басқаруға болатын сақтандырылған тұлғалардың (соның ішінде автокөлік иесінің) сақтандыру полисіне жазылғанын міндетті түрде тексеріңіз.

Сақтандыру полисін қалай төлеймін және оны қашан аламын?

Келісімшарт жасасқаннан кейін сіз сақтандыру полисін төлеу рәсіміне өтесіз. Осылайша, төлемді сақтандыру ұйымы ұсынатын тиісті деректемелер бойынша банк немесе төлем терминалы арқылы жүргізуге болады. Сіз көрсеткен электрондық мекенжайға немесе байланыс телефон нөміріне сақтандыру ұйымынан шарттың бірегей нөмірі бар мәміле жасау туралы SMS-хабарлама келеді. Оның көмегімен сіз алдағы уақытта өзіңіз таңдаған сақтандыру ұйымының сайтынан немесе Мемлекеттік кредиттік бюро – Сақтандыру бойынша бірыңғай деректер базасы (www.mkb.kz) сайтынан өз полисіңіз туралы ақпаратты, оның мерзімін тексере аласыз.

Осылайша, сіз онлайн сақтандырыла отырып, қолыңызда әрдайым электрондық сақтандыру полисі болады.

Сондай-ақ, сіз шарттағы (сақтандыру полисі) тәртіппен, алдын ала келісе отырып сақтандыру шартын өзгертуге, қайта рәсімдеуге немесе мерзімінен бұрын бұзуға құқылысыз. Сақтандыру жағдайы орын алса, ұйымның сайты немесе мобильді қосымша арқылы қажетті құжаттарды тіркей отырып, сақтандыру төлемін ала аласыз. Бұл да онлайн-сақтандырудың бір артықшылығы.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Қай жерде 700 мыңнан бастап жалақы алуға болады?

17.07.2023

Соңғы 10 жыл ішінде елімізде миграцияның оң нәтижесі тіркелді

08.08.2023

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2023» байқауы басталды

19.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа