No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстіктің шаруаларына 2023 жылы мемлекеттік қолдау жүйесі қалай өзгеретіні түсіндірілді

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербайдың Шымкент қаласы мен Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесуінде саланың дамуы мен проблемалық мәселелері көтерілді. Вице-министр аталған екі өңірге жұмыс сапарымен барып, бірнеше кәсіпорындарын аралады, деп хабарлады ҚР АШМ баспасөз қызметі.

25.12.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Атап айтқанда, вице-министр фермерлерге 2023 жылдан бастап енгізілетін маусымаралық кезеңде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізуге форвардтық қаржыландырудың жаңа тәсілдері туралы айтып берді. Механизмдер ең алдымен күзде және ерте  пісетін көкөністерді форвардтық сатып алуды қамтиды. Бұл әсіресе республиканың оңтүстік өңірлеріне – Қазақстандағы жеміс-көкөніс өнімдерінің негізгі өндірушілеріне қатысты болып отыр.

ӘКК ерте егінді қаржыландыруды 1 тамызға дейін және маусымаралық кезеңде 1 қыркүйекке дейін жүзеге асыратын болады. 2023 жылғы ерте піскен егінді жақын арадағы форвардтық сатып алу 2023 жылдың 10 қаңтарына дейін жүргізіледі. Осылайша, оңтүстік өңірлердегі шаруалар ӘКК арқылы пайызсыз несие алу мүмкіндігіне ие болады.

«Бұл шара отандық өндірушілерді әсіресе, көктемгі дала жұмыстары кезінде қолдауға, оларға өткізу нарықтарына қол жеткізуге, өнімді сатып алу және өткізу жүйесін жолға қоюға және нәтижесінде халықты қолжетімді бағамен отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Жеңіс Өсербай.

Сондай-ақ вице-министр 2023 жылдан жұмыс істеп бастайтын АӨК субсидиялау жүйесіндегі инновациялар туралы айтып берді. Мемлекеттік қолдау құралдарындағы нақты өзгерістер қолданыстағы субсидиялау жүйесінің негізгі контурларын сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған. Субсидиялауға өтінімдер беру үшін тегін онлайн-платформа әзірленіп, қолданысқа енгізілді. Онда қаражат жетіспеген кезде ірі тауар өндірушілердің мүдделерін көздеу мүмкіндігін болдырмайтын және берілген өтінімдерді кезек тәртібімен қанағаттандыруға кепілдік беретін «күту парақтары» енгізілді.

Шымкентте 2026 жылға дейін құны 61 млрд теңге болатын 44 жаңа инвестициялық жоба ашу жоспарланып отыр. Бұл 300-ге жуық адамды жұмыспен қамтамасыз ететін сүт фермалары, құс фабрикалары, жылыжайлар, балық шаруашылығы және жем-шөп өсіретін кәсіпорындар.

Түркістан өңірінде жалпы сомасы 205,2 млрд теңгеге 57 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр. Облыста 2 мыңнан астам жұмыс орны бар жаңа өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және қайта өңдеу кәсіпорындары ашылады.

Вице-министрмен кездесу барысында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер электр энергиясы мен көмір шығындарын субсидиялау, көкөніс импортына баж салығын ұлғайту мәселелерін көтерді. Өз кезегінде фермерлер отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша қарсы міндеттемелерді қабылдауға дайын.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

iPhone Maker Foxconn Mitsubishi Motor EVS құру жоспарын жариялайды – BBC

09.05.2025
фото: ашық дереккөз

Астанаға көшуге болмай ма?

29.08.2023

Қазақстандық дихандар 9,2 млн га дақыл жинады

08.09.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа