No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Отандық 7 компания «Ұлы дала елі» ортақ брендін алуға қатысады

10.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қазақстандықтар үздік экспорттаушы кәсіпорынды таңдай алады. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Ұлы дала елі» ортақ брендін пайдалану құқығын беруге арналған байқаудың қорытынды кезеңінің басталғанын хабарлайды.

 

Компанияларға 2022 жылдың 20 қарашасына дейін мына сілтеме бойынша дауыс беруге болады: formdesigner.ru/form/190143-golosovanie_uly_dala_eli . Бұл кезеңде еліміздің әр тұрғыны үздік кәсіпорынды таңдау процесіне әсер етіп, үміткерлер арасында үздік кандидатқа дауыс бере алады.

 

Байқаудың мақсаты – тауарларды экспортқа шығарған отандық компанияларды ынталандыру және «Ұлы дала елі» ортақ брендімен жоғары сапалы өнімдерді таныту. Ортақ бренд Қазақстанның халықаралық нарықтарға шыққан үздік компанияларына табысталады.

 

Жалпыұлттық дауыс беруге 7 компания ұсынылды. Бұл компаниялар қызметті талдау және қолданыстағы өндірісті зерттеу нәтижелері бойынша 14 қатысушының ішінен іріктелген. Атап айтқанда:

 

«Meat Processing and service» ЖШС (Алматы облысы), өндірілетін өнім: сиыр еті, қой еті;

«Ультрастаб-Қазақстан» ЖШС (Атырау облысы), өндірілетін өнім: полиэфир, полипропиленді жіптен жасалған жабын, ПВХ жабыны;

«ТекТау» ЖШС (Жетісу облысы), өндірілетін өнім: бал;

«Сартаев» жеке кәсіпкерлігі (Батыс Қазақстан облысы), өндірілетін өнім: тұщы су шаяндары;

«Maker» ЖШС (Қарағанды облысы), өндірілетін өнім: металл конструкциялары, түрлі жабдықтар және қосалқы бөлшектер;

«МедиДез ҮЕҰ» ЖШС (Қостанай облысы), өндірілетін өнім: концентраттар, тазалау және дезинфекциялауға арналған ерітінділер; тері антисептиктері; антисептикалық әсері бар сұйық сабындар; тұрмыстық химия;

«Асыл Дән LTD» ЖШС (Қызылорда облысы), өндірілетін өнім: күріш және күріштен жасалған өнімдер.

Дауыс беру нәтижесі 2020 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін марапаттау рәсіміде жарияланады. Байқау лауреаттарына «Ұлты дала елі» ортақ брендінің белгісі және ортақ брендті жарнама мақсатында 5 жылдық мерзімге қолдануға мүмкіндік беретін диплом табысталады.

 

Отандық тауар өндірушілерді қолдайық! Үздіктерді таңдайық!

 

 

Байланысты Материалдар

Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты

21.03.2023

Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды

21.03.2023

Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

21.03.2023

Кәсіпкерлерді бопсалап жүрген қылмыстық топ ұсталды

21.03.2023

Енді кәсіпкерлер қосымша құн салығы бойынша арнайы тіркелмейді

21.03.2023

Рамазан айында кәсіпкерлерге үндеу жасалды

20.03.2023

Ұсынылатын материалдар

2023 жылдың ақпанында азық-түлік бағасы максимальды өседі деп болжануда

13.09.2022

5:32 сериалына қатысты сот үкімі шықты

02.03.2023

Қазақстанда АЭА-да  315 инвестициялық жоба іске асады

22.07.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Кәсіпкер Тоқаевқа тазының күшігін сыйға тартты
  • Бір мандатты жүйе бойынша депутат болғандардың тізімі жарияланды
  • Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа