No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Отандық кәсіпкерлер кеңесінде тау-кен, металлургия мәселелері талқыланды

Бизнес-қоғамдастық өкілдері «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп, премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен отандық кәсіпкерлер кеңесіне қатысты. Жиында тау-кен, металлургия секторын дамыту мәселелері көтерілді.

08.01.2023
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

«Өткен кеңесте тау-кен, мателулргия кешені әселелері қаралды. Палатада бұл секторға көңіл бөлінген. Саланың әлеуеті зор және біздің мақсатымыз инвестициялық тартымдылықты арттыру және оны дамытудың нақты моделін бекіту. Қазір Палата шеңберінде ірі, орта және шағын бизнес, геология мамандарын шоғырландырдық. Сондай-ақ өз тарапымыздан даму тұжырымдамасы мен кешенді жоспарын қалыптастыруға қатысуға, мемлекеттік органдарға өздерінің сараптамалық әлеуетімен көмектесуге дайын екенімізді білдірдік. Үкімет біздің позициямызды түбегейлі зерттегеніне қуаныштымыз, жағымды жақтары бар», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов.

 

Жиын барысында «Тау-Кен Қазақстан тау-кен саласының республикалық шағын және орта кәсіпорындар қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айбар Дәуітов салалық даму құжатының қажеттілігіне тоқталды. Спикер мемлекеттік жоспарлаудың қолданыстағы жүйесінде жер қойнауы туралы ешқандай мәлімет жоқ екенін атап өтті.

«Биыл ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтті. Қабылданған маңызды түзетулердің бірі – жер қойнауының Қазақстан халқына тиесілі екені анықталды. Конституцияға аталған өзгерісті дамыту үшін «экономикалық өсу мен Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырудың драйвері ретінде жер қойнауын дамыту» деген жеке дербес жалпыұлттық басымдықты әзірлеу орынды», – деп санайды сарапшы.

 

Бұл шара жеке министрлік деңгейінен жетекшілік ететін вице-премьер деңгейіне міндеттерді көтеруге мүмкіндік береді және Үкіметтің күш-жігерін реттеуге көмектеседі.

Сондай-ақ көмір өндіру, экологиялық реттеу, салық салу, атап айтқанда, салық заңнамасының тұрақтылығының болмауы мәселелері көтерілді.  Бұл мәселелер ТМК инвестициялық әлеуетін айтарлықтай шектейді.

 «ТМК секторы кәсіпорындары үшін автоматты мониторинг жүйелерін (АМЖ) орнату мәселесі өзекті. Экологиялық кодекстің тиісті нормасы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді және автоматты мониторинг жүйелерін орнату бойынша міндеттемені орындамағаны үшін кәсіпорындар қызметін тоқтата тұруға дейін қатаң санкцияларға ұшырайды. Көптеген компания логистикалық өзгерістерге және бірқатар объективті себепке байланысты экологиялық кодексте қарастырылған мерзімде автоматты мониторинг жүйелерін орнатуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан біз мерзімдерді ауыстыруды, жеке кестелерді қарастыруды сұрадық. Сонымен қатар, автоматты мониторинг жүйелерін қондырғысы қазіргі уақытта қол жетімді ең жақсы техникалар бойынша әзірленіп жатқан анықтамалықтармен сәйкес келуі керек», – деді «Атамекен» ҰКП Тау-кен металлургия комитетінің төрағасы Николай Радостовец.

 

Төрағаның айтуынша, компаниялар уәкілетті мемлекеттік органға автоматты мониторинг жүйелері үшін жабдықтарды жеткізудің күтілетін мерзімдері туралы өзекті мәліметтерді ұсынды және осы жұмысты аяқтаудың нақты жоспарларын белгіледі.

Үкімет жеке блокта геология мен жер қойнауын пайдаланудың инвестициялық тартымдылығы мәселелеріндегі проблематиканы тыңдады. Бизнес-қоғамдастық есептерді құпиясыздандыру бойынша жұмыстар жүргізу, сондай-ақ жер қойнауы туралы өзекті және жоғары дәлдіктегі деректерді алу үшін аэрогеофизикалық және басқа да заманауи зерттеу әдістерін қолдана отырып, өңірлік жұмыстар жүргізу мүмкіндігін пысықтауды ұсынды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасының геологиялық сала кіші комитетінің төрағасы Азамат Шалабаев цифрландыру мәселесіне назар аударды. Спикер жұмыс үш негізгі бағытта: геологиялық ақпарат, кеңістіктік деректер, рәсімдер мен бизнес-процестерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге негізделуі керегін айтты.

«Геологиялық ақпаратқа онлайн қолжетімділік арттыру, геология және жер қойнауын пайдалану жөніндегі интерактивті (цифрлық) картаны пайдалану, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың бизнес процестерін автоматтандыруды қамтамасыз ету мақсатында салалық цифрлық платформа құру жөніндегі жұмысты жеделдету қажет», – деді ол.

Отандық кәсіпкерлер кеңесінің келесі отырысында мұнай-газ саласының мәселелері қаралатын болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Дамир Исмағұлов UFC-дегі кезекті жекпе-жегінде жеңіліс тапты

02.07.2023

Үкімет басшысы Райымбек Баталовпен Қазақстанда бизнесті дамытуға жағдай жасау мәселесін талқылады

07.11.2022
фото: ашық дереккөз

ШҚО тұрғындары жасалған жол жөндеу жұмыстарына наразы

14.07.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа