No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Отандық қызылша өсірушілер биыл өңдеуге 280 мың тонна өнім тапсырды.

20.12.2022
Жаңалықтар
7
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Биыл елімізде 11,7 мың гектар жерге қант қызылшасы егілді. Республикада қызылша өсіретін негізгі өңірлер – Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстары. Себебі осы өңірлерде қант қызылшасын өңдейтін негізгі өндірістік кәсіпорындар орналасқан. Отандық қызылша өсірушілер биыл өңдеуге 281 мың тонна шикізат тапсырды.

Бүгінгі күні мемлекет осы күрделі дақылды өсіруге жұмсалатын шығындарды ішінара субсидиялайды, сондай-ақ зауыттарға тапсырылған өнімді субсидиялайды. 2021 жылы өңірлердегі қызылша өсірушілер шамамен 3 млрд теңге алды.

2022 жылы субсидиялау нормативі 3 мың теңгеге ұлғайып, өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының тоннасы үшін 15 мың теңгені құрады. Зауыттар шикізатты тоннасына 15 мың теңгеден сатып алады. Түптеп келгенде, шаруалардың өніміне 30 мың теңге төленеді.

2023 жылдан бастап субсидиялау нормативі 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайтылады, соның арқасында қызылша өсірушілер өз өнімінің әр тоннасын 40 мың теңгеге сататын болады. Осылайша, қант қызылшасының рентабельділігі басқа дақылдардың деңгейіне жеткізіледі.

Бұдан бөлек, қант саласын дамытуды ынталандыру шеңберінде инвестициялық субсидиялау тізбесіне жаңа қант зауыттарының құрылысы енгізілмек, капитал салымдарының 25% мемлекет өтейтін болады.

Қызылша жинайтын комбайндар мен суару техникаларын сатып алуға өтемақы нормативін 25%-дан 50%-ға дейін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Субсидиялаудың жаңа ережелері 2023 жылда бастап күшіне енеді деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, 2026 жылға дейін қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру аясында егістік алқаптарын 38 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Сенімхатты онлайн рәсімдеуге болады

11.04.2023

Күзде Алматыдағы қоғамдық көліктерде жол ақысы қымбаттайды

23.06.2023

Қазақстанда жұмыссыз әйелдер неге көп?

06.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа