No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өз ақшаңызбен тәуекелге бару алдында жеті тексеру іс-әрекеті

25.01.2023
Жаңалықтар, Керек-дерек
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

1. Компанияның беделін және ол ұсынатын ақпараттың дәйектілігін зерделеңіз. Депозит тартуға құқығы бар барлық қаржы ұйымының ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арқылы қаржы реттеушісінің лицензиясы болуға тиіс.

Егер сізде қаржы пирамидасымен байланыс жасағаныңыз жөнінде күмән пайда болса, құқық қорғау органдарына және қаржы реттеушісіне дереу өтініш беруіңіз қажет.

2. Компанияның иелері мен басшылығы туралы ақпараты зерделеңіз, сондай-ақ оның қайда тіркелген біліңіз. Егер басшылық туралы деректер құпия болса, ал компанияның өзі әлдебір оффшорлық аймақта тіркелсе, онда оған ақшаңызды орналастыру алдына ойланыңыз. Компанияларды оффшорлық аймақтарда тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілген, ал нақты иесінің атын немесе осы құрылымның артында кім тұрғанын білу өте күрделі. Сондықтан компанияның барлық жарғылық және құрылтай құжаттарын ұсынуды міндетті түрде сұраңыз.

Бірінші кезекте, компанияның лицензияланғанын не лицензияланбағанын және өз қызметін қандай нормативтік және рұқсат беру құжаттарының негізінде жүзеге асыратынын біліңіз. Сондай-ақ компанияның есептілігімен танысқан және пайданы қайдан және қанша табатынын білген дұрыс.

3. Егер инвестициялардың кепілдік берілген жоғары кірістілігіне уәде берсе, одан сақтану керек. Алаяқтар психологияны жақсы біледі және адамның жылдам әрі оңай байып кету ниетімен ойнайды. Сондықтан пирамидалар жылдық 20, 50, 100% кірістілік болады деп оңай уәде береді, себебі бұл уәдені орындамайды.

Егер компания қызметінің ерекшелігі айқын болмаса, ақша салудан бас тарту керек. Ақшаны қайтарудың нақты тетігінің болмауына сақтықпен қарау керек. Мысалы, егер қаражат белгілі бір сомаға қол жеткізгеннен кейін қайтарылады деп жазылса. Сіздің салынған қаражатты басқару және қажет болған кезде оны алу мүмкіндігіңіз болуға тиіс. Осындай деректер әдетте шартта жазылады. Құжатқа қол қояр алдында оны мұқият зерделеу, ал түсініксіз тармақтар болған кезде, мамандардан консультация алу қажет.

Шақыру жарнамасы – бұл жоғары пайыз алуға негіз емес, уәделердің орындалуына күмән екені есіңізде болсын.

4. Жаңа салымшыларды тарту үшін сыйақы ұсына ма? Бас тартыңыз – бұл Сізді қаржы пирамидасына тартудың бұлтартпас айғағы.

5. Қарыз шартын ұсына ма? Бұл пирамида құрудың ең көп таралған әдісі екенін біліңіз. Әдетте, шарт жасасқан компанияның «сүттен ақ, судан таза» шыға алуы үшін мұндай қарыз шарты түрлі дәлсіздіктермен және ескертулермен жасалады.

Сондықтан қаржылық қызметтерді тұтынушылар шарттың талаптарымен мұқият танысып, түсініксіз позициялар болған жағдайда, тәуекел етпеуі және оларға өз ақшасын бермеуі қажет.

6. Компания корпоративтік іс-шараларға, әртүрлі жүлделердің, сыйлықтардың, жолдамалардың ұтыс ойынына қатысуға шақыра ма? Бас тартыңыз!

Бұл –пирамидаға жаңа салымшыларды тартудың ең танымал тәсілдерінің бірі.

Осылайша, бір жағынан, «табысты және кірісі мол компанияның» бейнесі қалыптасады. Ал екінші жағынан – басынан бастап пирамидаға күмән білдірген қатысушылардың «корпоративтік рухын» нығайтады, мұның бәрі пирамиданың күйреуімен аяқталатыны бесенеден белгілі.

7. Компанияның ақшаны қалай қабылдайтынына назар аударыңыз. Көптеген күмәнді компаниялар қолма-қол ақша қабылдайды немесе өз қызметінде компаниялардың банктердегі арнайы есеп-шоттарын және анық бухгалтерлік есептілікті қолданбай, әр түрлі интернет – төлемдер мен аударымдар жүйесін пайдаланады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ақкенттегі өрт: Премьер-министр жаңа көпқабатты үйлерге ревизия жүргізуді тапсырды

05.08.2023
фото: ашық дереккөз

Астанадағы EXPO павильондарына кімнің қалтасынан күтім жасалып жатыр?

17.07.2023

Дрон иелері үшін арнайы telegram арна ашылды

14.04.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа