No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Пандемия кезінде зорлық-зомбылық өршіп кетті” – депутат

19.06.2023
Жаңалықтар
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Орталық Азияның әйелдері зорлық-зомбылық туралы айтқысы келмейді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан Орталық Азия елдері әйелдері диалогының отырысында айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Жиында Қазақстанның Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалығының ресми ашылуы өтеді.

Мәжіліс депутаты Айгүл Құспан іс-шараның не мақсатпен өткізіліп отырғанын журналистерге түсіндіріп берді.

Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы 2020 жылы БҰҰ-ның бастамасымен құрылған болатын. 2021 жылы оған Өзбекстан, 2022 жылы Түркіменстан төрағалық етті. Биыл төрағалық Қазақстанға өтті. Біздің басты мақсаттарымыз – БҰҰ-ның мақсаттарымен сәйкес келеді. Біріншіден, қазіргі геосаяси күрделі заманда әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтуға қатысуы. Қазақта «әйелдер тату болса, көршілер де табу болады» деген жақсы сөз бар. Сондықтан Орталық Азиядағы әйелдер өзара тату болып, бірігіп жобаларды іске асырсақ, өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосқан үлесі болады деп ойлаймын, – деп айтты депутат.

Оның сөзінше, жиында әйелдердің экономикаға, саясатқа, жалпы барлық салаға белсене қатысуы да талқыланады. Бұл әсіресе, Тәжікстан үшін маңызды.

Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық мәселесі де көтеріледі. Пандемия кезінде зорлық-зомбылық өршіп кетті. Бұл туралы Орталық Азияның әйелдері сөйлегісі келмейді. Бұл табу сияқты. Ол тақырыпты көтергісі келмейді. Бірақ оны көтеру керек. Елімізде жантүршігерлік жаңалықтарды көріп, естіп жатырмыз. Әйелін, баласын өлтірген адамдар бар, – деп айтты Айгүл Құспан.

Айтуынша, диалогта талқыланған мәселелерді депутаттар заңнамаға енгізу үшін жұмыс істейді.

Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның мүшелері, Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан парламенттері палаталарының спикерлері, Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген парламентшілер, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысып жатыр.

Жиында Қазақстан Республикасының Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалығы ресми басталады.

Қатысушылар диалогтың 2023 жылға арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындайды, жылдық жұмыс жоспарын талқылайды және бекітеді. Сонымен қатар Ұлттық комиссия ұйымдастырған «Әйелдердің жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытудағы рөлі» тақырыбында тақырыптық сессиясы өтеді.

Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы – өңірдегі әйел парламентшілері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған бейресми алаң.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Еліміздің 80% оқулығы цифрландырылды

25.07.2023

Жетісу облысын дамытуға бағытталған екі ірі жоба таныстырылды

17.08.2022

Алматыда полицей шетелдік әйелді итеріп, жерге құлатты

05.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа