No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Парламент депутаттары демалысқа шықты

30.06.2023
Жаңалықтар
6
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Парламент депутаттары каникулға шықты. Сегізінші сайланған Қазақстан парламентінің бірінші сессиясының жұмысы аяқталды, деп хабарлайды kazbusiness.kz порталы.

Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған парламенттің бірінші сессиясы ресми түрде жабылды.

Отырыс барысында мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бірінші сессияның жұмысын қорытындылады.

“Құрметті әріптестер! Бірінші сессия небәрі 100 күнге созылды. Қысқа болғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болды. Сессияның ашылуында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қызметіміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар іс жүзінде жүзеге асырылып, парламентте қаралған заң жобаларының негізіне айналды. Бұл сессия барысында палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті. Онда 120-дан астам мәселе қаралды. Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болды, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға президент қол қойды”, – дейді Ерлан Қошанов.

Сонымен қатар мәжіліс төрағасы депутаттарға, премьер-иинистрге, үкімет мүшелеріне, сондай-ақ басқа да әріптестеріне бірлесе атқарған жұмыс үшін алғыс айтты.

“Сондай-ақ жұмысты кәсіби деңгейде ұйымдастырғаны үшін екі палата аппараттарының қызметкерлеріне де депутаттық корпус атынан рахмет айтқым келеді. Заң шығару процесіне немқұрайлы қарамайтын қоғам белсенділеріне және жалпы сарапшылар қоғамдастығына ризашылығымды білдіргім келеді. Сонымен қатар жұмысымызды жоғары деңгейде жариялап жүрген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне де алғыс айтамыз. Сөзімді қорытындылай келе, ел игілігі жолындағы жауапты істе баршаңызға табыс тілеймін!”, – дейді ол.

Айта кетейік, парламент депутаттары 1 қыркүйекке дейін каникулда болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Терроризм туралы хабарлағаны үшін сыйақы беріледі

26.06.2023

Қаржы министрлігі пилоттық жобаны үш жыл бойы бизнестің есебінен жүзеге асырып жатыр

09.12.2022

Жылыжайдағы электр энергиясы мен газға субсидия бөлінбек

19.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа