No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Премьер-министр министрлік пен ЖОО басшыларын сынға алды

29.07.2023
Жаңалықтар
48
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Премьер-Министр Әлихан Смайылов университет басшылары мен екі министрлікті жатақхана жағдайына байланысты сынға алды, деп хабарлайды kazbusiness.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Әлихан Смайылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділ Қазақстан – барлығы үшін. Қазір және мәңгі” сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штабтың отырысын өткізді.

Отырысқа қатысушылар студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін талқылады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ағымдағы жылы 11 мың орынға 37 нысан, оның ішінде ЖОО студенттері үшін – 26 жатақхана, колледждер үшін – 11 нысан пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Бұл ретте, оның ақпараты бойынша, 1,4 мың орындық 4 объектінің пайдалануға беру мерзімін бұзу қаупі бар. Бұл “Астана медицина университеті” КЕАҚ үшін жатақхананы қайта жаңарту, 400 орындық жатақхана салу және Алматыда 450 орындық екі жатақхананы қайта жаңарту сияқты жобалар.

Жатақханаларды тұрғызу кезінде инвесторлардың алдында тұрған негізгі мәселелердің қатарында министр нысандардың нысаналы мақсатын өзгертудегі қиындықтарды, заттай гранттар беруді және коммуналдық желілерге қосылудың шектеулі қолжетімділігін атады.

Әлихан Смайылов егер студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы проблемасы уақытылы шешілмесе, онда жағдай тек нашарлай түсетінін атап өтті.

“Көптеген университеттердің басшылары студенттердің өмір сүруіне жағдай жасау жөніндегі өз міндеттемелерінен іс жүзінде өзін-өзі алып тастады. Өз кезегінде ғылым және білім министрліктері университеттер мен колледждердің келген студенттерді жатақханалармен толық қамтамасыз ету бөлігінде талаптарды орындауы бойынша жағдайды бақыламайды. Бұл жұмыс әкімдіктермен жақсы үйлестірілмеген”,-деді премьер-министр.

Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, оқуға түскен студенттер жатақханада орын жоқ екенін тек келген кезде ғана біледі, сондықтан оқуға дайындалудың орнына өз бетінше баспана іздеуге мәжбүр болады.

Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін студенттерге жатақханаларда орындарды барынша бөлу бойынша жұмыс жүргізуді, сондай-ақ ағымдағы жылға жоспарланған барлық 37 нысанның мерзімінде тапсырылуын алға тартты. Ол ғылым және жоғары білім, ағарту министрлері, өңірлердің әкімдері бұл үшін дербес жауапты екенін атап өтті.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Құрылыс саласымен айналысатын кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алудағы демпингке қарсы

03.11.2022

Елімізде қанша адамның мойынында ипотека тұр?

25.05.2023

Ең тиімді депозит қайда?

14.02.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа