Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Евгений Пригожинге қатысты қылмыстық іс тоқтатылатынын айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.
«Вагнер» жеке әскери компаниясы далалық лагерьлерге, ал Пригожиннің өзі Беларуссияға кететіні туралы келісімге қол қойылды.
Оның айтуынша, билік көтеріліске қатысқан вагнеристерді қудаламайды.
Лукашенко арада делдал болуға келіскен.
«Александр Григорьевич Пригожинмен бұрыннан таныс, бұл оның жеке ұсынысы болды. Біз бұл күш-жігері үшін президентке ризамыз», – деді Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков
Путиннің жаңа үндеуі жақын арада болмайды.
Еске салайық, 24 маусымда Вагнер “әділдік маршын” өткізбек болып, қарулы шабуыл жасады.