No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қандай салада маман тапшы: сарапшы пікірі

05.09.2022
Жаңалықтар
10
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

“Техникалық мамандарға сұраныс жоғары, бірақ түлектердің көбі гуманитарлық саланы таңдайды”. Бұл туралы “Еңбек ресурстарын дамыту орталығы” Cтратегия департаменті директорының орынбасары Ұлпан Шегенова inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды kazbusiness.kz.

Сандарды сөйлетсек, көрсеткіш 119 мың адамнан 122,8 мың адамға дейін өскен. Демек жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі өте өзекті. Қандай салада мамандар тапшы? Болашақта қандай бағыттағы мамандықтар жоғары сұранысқа ие болады, өңірлердегі жұмыссыздық деңгейі қандай? Осы тақырыптар аясында Ұлпан Шегенова жауап берді.

– Қазіргі еңбек нарығында қандай мәселелер бар? Бастысы жұмыссыздық деңгейі шығар?

– Статистикаға сүйенсек, жылына 300-400 мыңға жуық жас еңбек нарығына араласа бастайды. Оларды жұмыспен қамту үшін тиісті жұмыс орындарын құру керек. Бұдан бөлек, қазіргі уақытта еңбек етіп жатқан адамдардың 40%-ы өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейді. Ол ауыл шаруашылығы, сауда, білім беру мен денсаулық сақтау салалары. Бұл олардың табысына әсер етеді. Одан кейінгі мәселе мамандардың біліктілік деңгейі, біліктіліктің теңгерімсіздігі. Яғни жұмыс күшінің біліктілігі нарықтағы сұранысқа сәйкес келмей жатады. Сондай-ақ елімізде жұмыс орындарында мамандардың біліктілігі арттыру мәдениеті дамымаған. Қазіргі уақытта жалдамалы қызметкерлердің 5%-ы ғана мұндай оқудан өтеді. Өзекті тақырыптардың бірі – еліміздегі жұмысқа жарамды адамдардың тек 20%-ы цифрлық дағдыларды игерген. Мұның өзі технологиялардың дамуымен, цифрландырудың жедел қарқын алуымен үлкен мәселеге айналуы мүмкін.

– Нарықтың сұранысы мен мамандардың біліктілігі сәйкес келмейді деп қалдыңыз…

– Иә, оқу бітіргендердің көбі гуманитарлық мамандықтарды таңдайды. Алайда бізге қазір көбірек техникалық бағыттағы мамандар қажет. Білім беру жүйесін осы бағытқа қарай өзгерту қолға алынып жатыр. Мәселен, көптеген университеттерді техникалық бағыттағы мамандарға гранттар көп бөлінуде.

– Елімізде қандай мамандар тапшы? Оларды даярлау жағы қалай?

– Электрондық еңбек биржасының мәліметтері бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, қызмет көрсету саласының мамандарына сұраныс жоғары. Ол мұғалімдер, дәрігерлер, медбикелер, бала күтушілер, жүргізушілер, сатушылар сұранысқа ие. Сондықтан педагогтар мен медицина мамандарын даярлауға гранттар көбірек бөлінуде.

– Өңірлерде де бұл мәселе өзекті шығар?

– Жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі қалада тұрады. Бұл орайда жалдамалы жұмыс негізінен қалалық жерлерде болса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатындар көбіне ауылдық жерлерде тұрады. Осылайша, жалдамалы жұмысшылардың үлесі Түркістан, Алматы, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында басым. Қалада тұратын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 5 облыста – Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Қостанай басым.

Жалпы жұмыссыздық деңгейі халық көп тұратын өңірлерде жоғары. Ол Түркістан, Алматы, Маңғыстау облыстары.

Былтыр шілде айында skills.enbek.kz онлайн кәсіптік оқыту платформасы іске қосылды. Сол уақыттан бері 76,9 мың қазақстандық, оның ішінде 17 мың жұмыссыз азамат курстан өткені туралы сертификат алды. Платформада 110,7 мың адам тіркелді. Оқудан өткен 17 мың жұмыссыз азаматтың 5 мыңнан астамы – негізінен Алматы, Қызылорда, Қарағанды облыстарынан және Алматы қаласынан келген жастар.

– Соңғы саяси жағдайларға байланысты елімізге жұмыс іздеп келетін шетелдіктер саны артты. Осыған байланысты арнайы статистика жүргізіле ме? Ел азаматтарын жұмыспен толық қамти алмай жатып, шетелдіктерді қайтпекпіз?

– Бізде ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында арнайы квоталау механизмі қарастырылған. Яғни елімізге нақты белгіленген адам санын жұмыс істеуге кіргізе аламыз. Ол статистика бойынша ешқандай өзгешеліктер жоқ, бәрі қалыпты деңгейде, жылдағы 15 мың адам. Олар елімізде жұмыс істеуге рұқсат алғандар. Егер Ресей азаматтарын алар болсақ, Еуразиялақ кеңес шеңберінде ортақ еңбек нарығы болып табылады. Бізде Ресей азаматтары жұмыс істеу үшін арнайы тіркеуге тұрмайды. Сол үшін бізді бөлек статистика жұргізілмейді. Бірақ сарапшылардың айтуы бойынша көптеген Ресей азаматтары IT мамандықтар нарығында көбейгені байқалады. Бірақ бұған қатысты нақты статистика жоқ.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ипотека алу: артықшылықтары мен кемшіліктер қандай?

16.01.2023

700 мың теңге: елдегі ең жоғары зейнетақы мөлшері

26.12.2022

Салық төлеушілерге арналған қосымшалар туралы білесіз бе?

01.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа