Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті шенеуніктердің қантты арзан бағада өздері үшін “таңдаулы” кәсіпкерлерге сатып келгенін анықтады.
Тексеріс нәтижесінде, әкімдік пен “Тобыл ӘКК” АҚ қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан келісі үшін 420 теңгеге кезектен және нормадан тыс таңдап алған кәсіпкерлерге бергені белгілі болды.
Сорақысы сол, кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 кг-ға дейін қантты үлестірген. Бұдан әрі таңдалған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10%-дың орнына 100% үстеме бағамен сатқан.
Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 кг қант табылып, тәркіленді. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылды.