No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

“Қара тізім”: қалай шығуға болады?

07.08.2022
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
9
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Несие тарихын жақсартуға бола ма? Банктің қара тізімінен шығудың жолы қандай? Осы сұрақтарға жауап беріп көрелік.

Ақпарат қанша уақытта жаңарады?

Несие тарихы туралы ақпарат бірінші кредиттік бюрода 10 жыл бойы сақталады. 10 жылдан кейін де несие тарихы бюро архивінде тіркеуде тұрады, бірақ құнын жоғалтады. Яғни, ол жерде несиенің неше уақыт төленбегені, қарыз сомасы жазылмайды. Ал төленіп жатқан кредитке байланысты несие тарихына қандай да бір өзгеріс енсе, ақпарат 15 күнде жаңарады.

Кредит тарихын қалай жөндеуге болады?

Бұл сұрақ көпті толғандыратыны белгілі. Алайда жаман кредит тарихын толықтай жөндеу, тазарту, жою мүмкін емес. Оны тек жақсартуға ғана мүмкіндік бар.

Ол үшін алдымен бар болған жағдайда проблемалық кредиттерді жабу қажет. Бұл сіздің жағдайыңызды анағұрлым жақсартады. Өйткені проблемалық қарызы бар бола тұра, жаңа несие алу мүмкін.

Тағы бір амал – микроқарыз, кредиттік карта немесе аз сомаға кредит рәсімдеп, оны уақтылы жабу. Осылай бірнеше рет жасалған жағдайда клиенттің банк алдындағы репутациясы жақсарады.

Үшінші жол – депозит ашу, оны ұдайы толтырып тұру. Бұл фактордың кредит тарихына еш қатысы жоқ болғанымен, пайдасы бар. Кредитке өтінім берерде банк клиенттің активінде тұрақты түрде толтырылып тұрған депозиттің барын назарға алады. Бұл банк үшін клиенттің төлем жасауға қабілетті екенін білдіретін белгі болуы мүмкін.

Қандай жағдайда несие берілмейді?

Несие тарихы бұзылған азаматтарға кредит беретін банк бар деп 100 пайыз сеніммен айту қиын. Бірақ кредит ұйымдары әр адамның өтінімін жеке қарастыратынын ескерген жөн. Сондықтан танысыңызға несие тарихы бұзылғаны үшін қарыз бермеген банк сізге де «жоқ» дейді деу қате. Егер несие бойынша төленбеген күндер көп болмаса, банк мұндайға көз жұма қарауы мүмкін. Кредит тарихын бағалайтын критерийлер әр банкте әртүрлі екенін ескерсек, бір банк үшін өрескел болып көрінген кешігу келесі банк үшін айтарлықтай маңызды болмауы мүмкін.

Несие тарихын қалай тексеруге болады?

Несие тарихыңызды онлайн білудің бірнеше жолы бар:

  • www.egov.kz Электрондық үкімет порталынан (электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған жағдайда);
  • www.1cb.kz Бірінші кредиттік бюро порталынан (ЭЦҚ болған жағдайда);
  • https://m.bcc.kz/ StarBanking порталынан;
  • www.post.kz порталынан (ЭЦҚ болған жағдайда);
  • 1cb.kz Бірінші кредиттік бюроның мобильді қосымшасы арқылы (ЭЦҚ болған жағдайда).

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Қазақстанда күн күйіп тұр: сақ болыңыз!

19.07.2023

Күнбағыс майының өндірісі 2,7 есеге артты

24.11.2022

Астанада құжаттандыру терминалы ашылды

03.03.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа