No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда күніне 3000 жұп аяқ киім тігетін цех Қарасай ауданында орналасқан

10.06.2023
Жаңалықтар, Kazbusiness
103
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Қарасай ауданы аяқ киім өндірісіне сүбелі үлес қосып отыр. Аймақта «Steppe is» атты аяқ киім шығаратын кәсіпорын бар. 2017 жылы ашылған өндірістің бүгінгі жағдайы қалай? Бәсекелес жайлаған нарыққа олардың тауары төтеп беріп жүр ме? Осы сұрақтарға kazbusiness.kz тілшісі жауап іздеп қайтты.

2017 жылы шағын цех болып ашылған өндіріс орнының тізгінін Селим Жолай басқарады. Ол шағын цехты 2017 жылы аяқ киім сататын дүкеннің орнына ашыпты.

«Цех ашпай тұрып аяқ киім саудасымен айналыстық. Дүкен ашып, шетелден көтерме бағамен сатып әкеліп, соны өзімізде саудаға шығардық. Одан кейін біздің де қолымыздан өндіру келеді ғой. Неге осы салаға бет бұрып көрмеске деп ойландық. Сөйтіп осы бағытта өзімізді сынап көрейік деп шешім қабылдадық», – дейді кәсіпкер.

Айтуынша, өндіріс орнын ашу үшін Шамамен 3 жыл кеткен.  Цех шикізат пен қажетті материалдарды шетелден әкеледі. Қалғанын кәсіпорында аяқтайды. Таза отандық өнім. Кәсіпкердің ендігі жоспары – цехтың аумағын үлкейту.

Алғашында табыс көзі болмаса да аяқтан тұрып кетуді ойлап, барын салған. Қасына жұмыссыз қалған әріптестерін шақырады. 15 адаммен ғана аяқ киім шығарған оның қарамағында бүгінгі таңда 50 адам қызмет етеді. Сұраныс көп болғанда жұмысшы саны 100-ден асқан кездер болған. «Steppe is» аяқ киімдеріне сұраныс биыл азайса да, өзінің сапасын жоғалтпаған. Бұл туралы цех иесі:

 «Қытайлық арзан өнімдер базарда толып тұр. Одан қалса, аяқ киімді Өзбекстан және Қырғыстан да өндіре бастады. Шетелден келетін тауарларға да мемлекет тарапынан да қолдау көрсетіліп жатыр. Әрине, сапасы жағынан біздікі жақсы. Десе де, шикізат көбірек кетеді, соған байланысты қымбатырақ», – деді.

https://kazbusiness.kz/wp-content/uploads/2023/06/3116243775550516415.mp4

Айта кетейік, отандық аяқ киімдер елдің барлық өңіріне жеткізіледі. Әр қаладағы дүкен сөрелерінен табуға болады. Одан бөлек Қырғыстан, Шешенстан, Грозный, Дағыстан, Махачкалға экспортталады.

“Кәсіпкер өзі ізденуі керек. Іздеп, жүгірмесең, жұмыс өнбейді ғой. Клиент іздеп тауып, тауарыңның алуға тұрарлық екенін дәлелдеу қажетсің. Мысалы, Қырғыстанда ашыла салған сәтте сауда баяу болды. Содан кейін барып өзіміздің тауарды жарнамалай бастадық. Бішкекте «Қазақстан өндірісі» деген атымыз шыға бастады. Сөйтіп сауда жақсы жүре бастады”, – деп бөлісті кәсіпкер.

Аяқ киім тігуге арналған құралдар (станоктар) Түркия мемлекетінен сатып алынған. Жақында Қытайдан жаңа станок әкелінді.

Өндірісте аяқ киімнің 500-ден аса түрін шығарылады. Күніне 3000 жұп аяқ киім тігеді.

Дүкен сөрелерінен “Қазақстандық өнім” деген тауарды көрсек, ішіміз жылып, қуанып қалатынымыз жасырын емес. Бүгінгі күні отандық өндіріс ілгері дамып, шетелге экспортқа шығып, танылып жатыр. Бұл еліміз үшін, оның ішінде кәсіпкерлер үшін үлкен жетістік. Міне, Селим Жолай сынды отандық өнімнің дамуына сүбелі үлесін қосып жатқан кәсіпкерлер қатары күннен күнге көбеюде. Осындай кәсіпкерлердің еңбек жолы мен жетістікке жету кезеңі көпке үлгі болары сөзсіз.

Байланысты Материалдар

Dow 300 ұпайға түседі, өйткені Трамп ЕО мен Apple-ге қарсы жаңа тарифтерге қауіп төндіреді: Live жаңартулары – CNBC

24.05.2025

Эксклюзивті |Үлкен банктер крипто әлеміне вентингке кіреді

24.05.2025

Ұлыбританияның сауда сатылымы сәуір айында 1,2% -ға өсті – ұрып-соғу – CNBC

24.05.2025

Инвесторлар АҚШ-тың облигациялар нарығынан бастап Дональд Трамптың саясатына деген қорқыныштан аулақ болады – Financial Times

24.05.2025

Bitcoin ашық қызығушылық танытады, биіктігі жоғары, өйткені BTC слиптері $ 111K – Кокинтелрофа

24.05.2025

Эксклюзивті |Ол «ERAS» турнирі жабылды.Қазір бұл 1 миллиард доллардан асады.- WSJ

22.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Қостанайда KIA зауытын салу жоспарлауда

04.08.2023

Қонаев қаласының тұрғындарына 29 мың тонна көмір қажет

27.09.2022

Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір мәртебесінен айырылады

29.06.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа