No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаратал ауданында Іскер әйелдер кеңесі бас қосты

Бүгін Кәсіпкерлер палатасының Қаратал аудандық филиалында Іскер әйелдер кеңесінің кездесуі өтті.

14.06.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жиынға аудандық Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Фархат Құсайынов, облыстық Іскер әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары Светлана Буханова, Көксу аудандық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Утешбаева, Алматы облысының Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі Мадина Байборинова, кәсіпкер Қымбат Қасейін, аудандық Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері қатысты.

Кездесуді Қаратал аудандық филиалының директоры Фархат Құсайынов ашып, қатысушыларға ауданымызда мемлекеттік бағдарлама аясында «Atameken Zhetysu» микроқаржы ұйымы арқылы шағын несиелендірілген жобалардың басым бөлігі нәзік жандылардың үлесінде екенін атап өтіп өтті. Сонымен қатар әрбір жоба палата сүйемелдеуінде, құжаттарды жинауды бастағаннан бастап жоба бойынша қаражат алғанға дейін жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Светлана Буханова қыз–келіншектерге мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру кезінде нәзік жандылардың белсенділігін артырып, мемлекет тарапынан әйелдер кәсіпкерлігіне көрсетілетін қолдау шараларымен қатар отбасылық және рухани-адами құндылықтарды нығайту мәселелері жайында айтып өтсе, Салтанат Утешбаева сөз кезегінде Көксу ауданда Іскер әйелдер кеңесінің қодауымен іске асырылып жатқан табысты жобаларымен таныстырды.

Мадина Байборинова қатысушыларға Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығының атқаратын қызметі, мемлекет тарапынан бизнес-идеяларды іске асыруға берілетін гранттар мен талаптары туралы айтып өтті. Қымбат Қасейін Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы арқылы қандай қолдау алғанын, енді өз бизнесінің керегесін кеңейтіп аудандарда тігін цехтарын ашқалы жатқандығымен бөлісті. Аудандық іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Балнұр Нұрахметова ауданымызда әйелдер қауымы мемлекеттік бағдарламаларды белсенді түрде қолға алып, қатарларының күнен–күнге артып келе жатқандығы жайлы қуанышымен бөлісіп және кәсіпті жүргізу кезіндегі әйелдер кездесетін мәселелерді айтып ортаға салды.

Бүгінгі отырыс аудандық іскер әйелдер кеңесіне жаңа төрайымы ретінде Балнұрды Нұрахметова сайлап, енді тұрақты түрде ханымдар өз білімдерімен тәжірибелерін кәсібін жаңа бастаған қыз – келіншектермен бөлісіп тұралық деп келісуімен қортындыланды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

фото: ашық дереккөз

Дархан Сатыбалды заңсыз карьер иелерімен күресті күшейтпек

02.08.2023
фото: instagram.com/glebponomarevkz Читайте больше: https://www.nur.kz/society/2028732-mesyats-na-70-tys-tenge-bloger-iz-astany-soobschil-o-zavershenii-eksperimenta/

Қазақстандық блогер ең төменгі жалақыға өмір сүре алмады

15.07.2023

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионы атанды

13.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа