No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қараталдық «Qazyna» асыл тұқымды қой шаруашылығын өркендетіп отыр

Бүгінгі күні Жетісу облысында жалпы қуаты 104,7 МВт болатын 12 жаңартылатын энергия көздерінің нысаны бар. Соның бірі – Қаратал ауданындағы «АлматыЭнергоПроджект» ЖШС-ның «Үштөбе» күн электр стансысы, деп хабарлайды kazbusiness.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14.10.2022
Жаңалықтар
3
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ферманың негізгі базасы Жетісудың Лепсі өңірінде орналасқан шаруашылықта жалпы 5 мыңдай қой өсіріліп отыр. Ал Қаратал ауданы аумағындағы зертханасында қазір 130 бас қошқардан ұрық алу процесі жүруде.

 

Ферманың басқарушысы, зертхана директоры Серік Мұқановтың айтуынша, Мыңбаев ауылындағы Қ.Медеубеков атындағы қой шаруашылығы ғылыми зерттеу институтымен, Алматы мен Астанадағы ғылыми зерттеу орталықтарымен, селекционерлермен бірлесіп жүргізілген жұмыстар қазір өз нәтижесін беріп отыр. Шаруашылықта қойдың Суффолк пен Гемпшир түрлерін будандастыру арқылы асыл тұқымды Гемпширдің еліміздің климатына бейімделген түрін шығарған. Алғашында түгелдей қоңыр жүнді болып туған төлдің өсе-келе қоңыр жүні тек басы мен аяғында ғана қалады екен. Бұл будандастырылған тұқымның төлі осы өңірде туғызылып, өсірілген. Қазір одан алынған ұрық ел аумағына таратыла бастаған. Болашақта қазақтың Еділбай тұқымды қойына да басымдық беруге ниеттіміз дейді ол.

 

– Гемпшир негізінен – етті қой тұқымы. Бұл өзгелерден салмағымен ерекшеленеді, мәселен 1 қой 100-150 кг дейін тартады, соның 60%-інен таза ет шығады. Етінің дәмі де ерекше. Өзі тез өсіп-жетілетін тұқым. Біз қойға берілетін азық рационын қатаң бақылаймыз. Арнайы мамандар мал азығы құрамындағы микроэлементтерді түгендеп беріп отырады – дейді С.Мұқанов.

 

Фермадағы арнайы зертханада қой ұрығын алып, тиісті температурада сақтауға қажетті барлық жағдай жасалған.

 

– Жалпы мұнда бір қойдан күніне 2-3 мл ұрық материалы алынады. Оған арнайы қоспаларды араластырғанда 8 миллилитрге жеткізіледі, сосын мұздатылып, азотта сақталады. Оны 20 жылға дейін сақтауға болады, – дейді ферма зертханашы Динара Байчалова.

 

Жуырда қой ұрығының 40 мың дозасы Жамбыл облысына жөнелтілді. Қазір 150 мың доза дайын тұр. Бұл ретте Қостанай, Павлодар, Маңғыстау аймақтарынан да сұраныс түскен.

 

Ферма қошқар басын көбейтіп, Чехиядан, Британиядан тағы 3 бас асыл тұқымды қой алдыруда.

 

Жалпы шаруашылықта 50-ге жуық адам жұмыс істейді. Олар – зертханашылар, малшылар, мал азығын дайындайтын нысанның құрылысын жүргізіп жатқан құрылысшылар және т.б.

Бұл жобаға әзірге 280 млн. теңге инвестиция салынған, алдағы уақытта оның көлемі әлі де арттырылады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“Бастау бизнес”: мемлекеттен тегін грант алу шарттары

17.08.2022

Ozon Қазақстандағы ең ірі логистикалық хаб құрылысын бастады

26.07.2023

Биылдан бастап мұғалімдер әуреге түсіп портфолио жинамайды

20.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа