No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қараталдық шаруалар күріш жинап бітті

Жетісу облысында күріш жинау науқаны аяқталды. Бұл өңірде күріш өсіретін жалғыз өңір – Қаратал ауданы. Жер ыңғайы мен климаттық ерекшелігіне қарай дәнді дақылдың осы түрімен мұнда 3 ірі шаруашылық және онға жуық шағын шаруа қожалығы айналысады. Биыл аудан 3 мың тоннадан астам өнім алды,  деп хабарлайды  kazbusiness.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

17.10.2022
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Жалпы Қаратал ауданы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, ауданда 24 800 гектар суармалы егістік болса, соның 8 мың гектары – дәнді дақыл. Өткен жылы күріш 800 гектарға егілсе, биыл 950 гектардан өнім жиналды.

«Үштөбе» ЖШС директоры Арман Ахметбаев – Қараталдағы күріш өсірумен айналысатын ірі фермерлердің бірі. Жиырма жылдан астам уақыттан бері егіншілікті кәсіп еткен шаруашылықтың 1351 гектар жері бар. Онда майбұршақ, дәнді дақылдар мен мал азығы егіледі. Биыл күрішті 260 гектарға сеуіп, одан 1100 тоннадан астам дән жинады. Өнімнің орташа шығымы 40ц/га құрап отыр.

– Бұрнағы жылдарға қарағанда биыл су жеткілікті, ауа райы да қолайлы болды. Соған қарай өнім жақсы шықты. Қазір жиын-терін науқаны аяқталып қалды. Дақылды сабағынан кесеміз, бір аптадай алқапта күн астында жатып қураған соң күріш дәні жиналады. Сосын қоймаға апарып бастырамыз. Серіктестіктің цехында қаптап, нарыққа жөнелтеміз. Өніміміз негізінен жергілікті тұрғындарға саудаланады, Жетісу мен Алматы облысының сауда орындарына жіберіледі, – деді серіктестік директоры А.Ахметбаев.

Директордың айтуынша, күріш алқабында ауыспалы егіс талабы қатаң сақталады. Осы мақсатта күріш былтырғыға қарағанда биыл азайтылып 260 гектарға егілсе, келесі жылы оның көлемі қайтадан 500 гектарға жеткізіледі.

Аудандағы күріш бағытындағы сервистік дайындау орталығы осы шаруашылық базасында, яғни онда жаңа 11 ауыл шаруашылығы техникасы шоғырланған. Ал жалпы серіктестіктің өзінде 6 комбайн, 23 трактор бар. Шаруашылықта 18 адам жұмыс істейді.

– Бізде күріштің қызылордалық «Янтарь» және ирандық «Кусар» сорттары егіледі. Бұл екі сортқа белгілі себептермен тоқталдық. Ауданымыз салыстырмалы алғанда солтүстік аймақта орналасқандықтан және Қаратал өзенінің басында отырғандықтан, алқап суаратын су жылып үлгермейді. Біздің осындай ерекшелігі бар климатымызға осы екі сорт көбірек қолайлы. Өнім сапасын төмендетіп алмау үшін екі жылда бір рет тұқымды жаңартып отырамыз. Өзім зейнетке шыққанмын, бірақ шаруашылыққа көмектесіп, тәжірибемді жастарға үйретіп келемін, – дейді серіктестіктің агрономы Вилорий Цой.

Мемлекеттен тұқымға, тыңайтқыштарға, гербицидке берілетін субсидия шаруаларға едәуір көмек болған. Оған қоса ауданға көктемгі және күзгі жиын-терінге 800 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінсе, соның 80 тоннасын осы «Үштөбе» ЖШС кәдесіне жаратқан. Осы ретте биылғы жылы облыста ауыл шаруашылығын қолдауға 27,9 млрд. теңге бюджет қаражаты бөлінгенін, оның 23,2 млрд. теңгесі субсидияға жұмсалғанын атап өтуге болады.

Жалпы Қаратал ауданында 1183 ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі бар, соның 400-і егінмен, 450-і мал өсірумен айналысады, сол сияқты 333 аралас шаруашылық пен 12 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген.

 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ақмола облысының тұрғыны бұралқы ит етін дәмханаға сатып келген

06.07.2023

Ауыл халқының табысын арттыратын жоба қолға алынды

19.04.2023

Ұлттық банк жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарды

04.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа