No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қателесіп басқаның шотына аударылған ақшаны қалай қайтаруға болады?

07.08.2022
Жаңалықтар, Қаржылық кеңес
30
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Карта немесе терминал арқылы ақша аударған кезде жеке деректерді дұрыс термей, қаражатты басқа адамға аударып қойған кезіңіз болды ма? Немесе сіздің шотыңызға белгісіз жаннан ақша түскен болар… Олай болса қаражатты қате аудару мен картаңызға ақша түскен жағдайда не істеу керектігі жайлы бірқатар кеңестерді оқи отырыңыз.

Жеке деректерді қате теріп, ақшаны басқа адамға аударған кезде қаражатты қайтару қиын. Десе де, ақшаны кері қайтарудың бірнеше амалы бар:

  1. Сіз ақша түскен адаммен байланысып, соманы өз еркімен қайтаруды сұрай аласыз. Ол адам ақшаны қайтарудан бас тартқан жағдайда сотқа жүгіну және ақшаны өндіріп алу туралы арыз беру керек. Қолданыстағы заңнамада ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес бұл әрекет «негізсіз баю» ретінде қаралады. Сондай-ақ, сіз өз ақшаңызды пайдаланғаны үшін сыйақы өндіріп ала аласыз.
  2. Егер сіз картаның немесе шотты қате теріп, ақшаны басқа адамға жіберген болсаңыз, банкке хабарласыңыз. Банк қызметкерінен ақшаны қалай қайтаруға болатынын сұрауға болады. Себебі әр банктің бұл мәлелені шешу бойынша қызметі әртүрлі. Десе де, қате жіберілген әр шоттағы қаражат ақшаны алушының келісімімен ғана қайтарылады.

Ал ақша басқа біреудің телефон нөміріне жіберілген жағдайда банк оны қайтармайды. Яғни, сіз телефон нөмірі бойынша жедел ақша аудардыңыз, бірақ нөмірді қате теріп қойдыңыз. Ақшаны кері қайтарудың басты қадамы – байланыс нөміріне хабарласып, қате аударым жасағаныңызды түсіндіру. Өзіңіздің алаяқ емес екеніңізді дәлелдеу үшін жеке шотты тексеріп көруді, сондай-ақ қаражат кімнің атынан түскенін айтыңыз.

Егер қаражат алушы сіздің ақшаңызды қайтарудан бас тартса, сіз сотқа шағым бере аласыз. Бірақ бұл іс сіздің уақытыңыз бен шыдамдылығыңызды қажет етеді. Сотқа аталмыш соманы қате жібергеніңіз туралы сенімді дәлелдер ұсынуыңыз керек.

Мысалы, сіз ақша аударғыңыз келген досыңыздың телефон нөмірін немесе карта деректерін көрсетіп, саннан қате кеткенін айтуға болады. Сондай-ақ сіз ай сайын белгілі бір соманы бір шотқа аударғаныңызды және осы айда кездейсоқ басқа адамға жібергеніңізді көрсететін шоттан үзінді көшірмені бере аласыз. Ұялы байланыс операторына хабарласу арқылы бұрын ол адаммен байланыс болмағанын және қаражатты қате аударғаннан кейін ғана қоңырау соққаныңызды дәлелдей аласыз.

Ал қаражат сіздің шотыңызға түссе, ақшаны қате аударған адам хабарласқан жағдайда қайтарып бере аласыз. Бірақ қаржылық алаяқтардың құрбаны болмас үшін шотыңыздағы қаражатты тексеріп алыңыз. Сондай-ақ қаражат кімнің атынан түскенін қоңырау соққан адамнан сұрау керек.

Көп жағдайда алаяқтар банктер мен басқа қаржылық ұйымдардың атынан сіздің шотыңызға белгілі бір соманың түскені туралы SMS хабарлама жібереді. Содан кейін олар қоңырау шалып, ақшаны қайтаруды сұрайды.

Сондықтан кері аударым жасамас бұрын, қаражаттың нақты келгеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін мобильді банкинг қосымшасы арқылы немесе банк операторына ресми нөмір бойынша хабарласуға болады. Сондай-ақ ақшаның кімнен және қашан жіберілгенін түсіну үшін шотыңыздағы үзінді көшірмені қараңыз.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Ақмола облысында жол құрылысына бөлінген 1 млрд теңгеден астам қаражат ұрланды

21.06.2023

Бизнеске қандай жануарларды асырау тиімді?

26.12.2022

“АрселорМиттал Теміртауға” 1,3 миллиард теңге айыппұл салынды

24.12.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа