Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2022 жылдың 14 қыркүйегінен бастап астық пен ұн экспортына шектеулерді алып тастау туралы бұйрыққа қол қойды.
Бұған дейін Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бидай мен ұн экспортына квота енгізу туралы шешім қабылданған болатын. Алайда, әлемдік нарықтағы жағдай тұрақтанғаннан және Қазақстандағы астық өнімділігінің оң болжамдарынан кейін квоталауды алып тастау туралы шешім қабылданды.
Бүгінгі күні республиканың барлық облыстары бойынша егін жинау жалғасуда. Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, 11,3 млн га астық жиналды — бұл жоспардың 69,8% – ы. 12 ц/га орташа өнімділікте 13,5 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы ұқсас күнге орташа өнімділік 8,9 ц/га құрады).