No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мен Иран тауарлардың жүк айналымын ұлғайту туралы меморандумға қол қойды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Иран Ислам Республикасына жасаған екі күндік жұмыс сапары кезінде осындай келісімдерге қол жеткізді. Делегация құрамына қазақстандық ұн өндіру, астық және ет одақтарының, Қазақстанның аграрлық және өнеркәсіптік саясатын дамытуға жауапты мемлекеттік органдардың, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Азық-түлік корпорациясының өкілдері және басқа да мүдделі нарық қатысушылары кірді.

07.11.2022
Жаңалықтар
0
рет
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Тараптар қазақстандық аграрлық және өнеркәсіптік өнімдер үшін жаңа өткізу нарықтарына шығу мүмкіндіктері, қолданыстағы солтүстік-оңтүстік бағытындағы кедергілерді жою мәселелерін талқылады.

Кездесулер барысында Серік Жұманғарин Қазақстан мен Иран арасында өзара сыйластық, сенімді қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Елдер арасындағы сауда-экономикалық әріптестікті ілгерілетуге 2022 жылғы маусым, қыркүйек-қазан айларында өткен ең жоғары деңгейдегі бірқатар кездесулер елеулі серпін берді. Мемлекет басшылары сапарларының қорытындысы бойынша бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілді және Қазақстан-Иран өзара іс-қимылын жандандыруға бағытталған тапсырмалар берілді.

«Қазақстан бидай мен арпаны, кондитерлік және ұн өнімдерін, ет, өсімдік майларын және басқа да өнімдерді экспорттауға дайын. Біз Иранмен агроөнеркәсіптік өнімдердің өзара сауда көлемін $1 млрд-қа дейін ұлғайтуға және Қазақстан үшін Пәкістан, Үндістан, Оңтүстік-Шығыс Азия, Шығыс Африка сынды жаңа нарықтарға шығуға қызығушылық танытудамыз. Ирандық әріптестердің саладағы тәжірибесі біздің бизнес үшін өте пайдалы болары сөзсіз», — деді Серік Жұманғарин Иранның ауыл шаруашылығы министрі Сейед Джавад Садатинеджадпен кездесуде.

 

Иранның Көлік және қаланы дамыту министрі Ростам Қасемимен кездесу барысында Серік Жұманғарин қазақстандық тараптың тауарлар ағыны көлемін жылына 1 млн-нан 4 млн тоннаға дейін ұлғайту ниетін айтты. Ол үшін кездесуге қатысушылар 2022 жылдың соңына дейін «тар» инфрақұрылымдық орындарды жою және 2022-2025 жылдарға арналған Солтүстік-Оңтүстік бағытының әлеуетін дамыту бойынша үшжақты жол картасын қабылдауға келісті. Тараптар Жол картасына енгізу үшін келесі қадамдарды пысықтауға келісті:

– жүк көлігінің жүргізушілері, халықаралық тасымалдарға қатысушылар үшін арнайы визалық режим құру. Бизнес өкілдері үшін осындай визалық жеңілдіктер алу мүмкіндігін қосымша қарастыру;

– бірыңғай тарифті, бірыңғай көлік құжатын және бірыңғай ақпараттық жүйені енгізуді қоса алғанда, екі елдің кедендік ресімдеу процестерін оңтайландыру;

– «Қырғызстан – Қазақстан – Ресей» үлгісі бойынша навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» бағыты бойынша жүктерді автокөлікпен тасымалдау бойынша пилоттық жобаны іске қосу;

Сондай-ақ логистикалық процестер мен екіжақты сауданың тиімділігін арттыру мақсатында тараптар бірлескен экспорттық-импорттық компания құру мүмкіндігін пысықтауға келісті.

Кездесулер барысында айтылған барлық келісімдер сауда, көлік және логистиканы дамыту саласындағы өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қоюмен бекітілді.

Анықтама: 2022 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымы 9,3%-ға өсіп, $350,2 млн (2021 ж. 8 айы — $320,4 млн) құрады. Бұл ретте экспорт көлемі өткен жылдың 8 айының көрсеткіштері деңгейінде сақталып (0,1%-ға төмендеді), $215,3 млн құрады. ҚР мен ИИР арасындағы тауар айналымы 2021 жылы $440,9 млн құрады, бұл 2020 жылға қарағанда 85,1%-ға жоғары ($238,1 млн).

Байланысты Материалдар

Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі

27.03.2023

Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды

27.03.2023

Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

27.03.2023

Алматылық құмырсқа өсіруден мың долларға дейін пайда тапқан

27.03.2023

8 баласы бар отбасыларға әр бала үшін 13 мың төленеді

27.03.2023

«Шымбұлақ» — Гиннес рекордтар кітабына кірді

27.03.2023

Ұсынылатын материалдар

“Kordai fish” жылына 150 тонна форель балығын өсіреді

11.10.2022

Ауылдық жерлерде 700-ге жуық медициналық мекеме ашылады

26.11.2022

Алматыда 150 млн еуроға қоқыс жағатын зауыт салынады

12.09.2022

KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Жаңа жазбалар

  • Радиофобия — Қазақстанда интернеттің дамуына кедергі
  • Қошқар көтеруден Қазақстан рекорды жаңарды
  • Салық қызметкерлері көлік иелеріне ескерту жасады

Айдарлар

  • Айна
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Салық
  • Айна

© 2023 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа