Қазақстан мен Қытай өз азаматтары туралы ақпарат алмасу туралы келісімге қол қоюға дайындалып жатыр. Бұл жөнінде kazbusiness.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына қатысты ақпарат алмасу туралы келісімнің жобасы мақұлдансын”, – делінген жарлықта.
Еске салайық, Бұған дейін Қазақстан мен Қытайдың өзара визасыз режим енгізетіні белгілі болған еді. Мамыр айында Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қытайға сапары кезінде қол қойылады деп күтілуде.
Елдер келесі бағыттар бойынша ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойғысы келеді:
– Визасыз кіру және шығу саны, сондай-ақ мемлекеттердің азаматтарына берілген визалар;
– Екінші Тарап мемлекетінің азаматтығына қабылданған немесе қалпына келтірілген бір Тарап мемлекетінің азаматтары туралы мәліметтерді беру;
– Екі тарап мемлекеттері азаматтарының мүдделерін қорғау үшін осы Келісім күшіне енгенге дейін азаматтығын өзгерткен Тараптар мемлекеттерінің азаматтары туралы ақпарат алмасу.
Бұл құжат Қазақстан мен Қытай азаматтарының атын, тегін, әкесінің атын, жынысы туралы мәліметтерді, туған күнін, туған жерін, азаматтығын, сериясын, нөмірін, берілген күнін, тиісті құжаттарды беретін органдарға, ұлтқа, фотосуреттерге қатысты.
Шарттың мерзімге әзірге белгісіз. Әрбір ел екінші тарапқа жазбаша хабарлама жіберу арқылы оны тоқтата алады.