7 және 9 мамырда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлады kazbusiness.kz мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Ал теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Ведомство шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.