No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 12 айда брокерлік шоттардың саны екі есеге өсті

Орталық депозитарий мәліметінше, 2022 жылғы 1 қазанда елімізде брокерлік шоттардың саны 573 мыңнан асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге көп, деп жазады ERNUR.KZ.

07.10.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Орталық депозитарийдің басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов қазақстандықтар бағалы қағаздар нарығын белсенді игере бастағанын сөз етті.

“Өз кезегінде, бұл қазақстандық брокерлердің жаңа цифрлық қолданбаларының және жеке тұлғаны биометриялық деректер бойынша қашықтықтан сәйкестендірудің нәтижесінде мүмкін болды. Белсенді инвесторлар саны тек өседі деп үміттенеміз”, – дейді Орталық депозитарийдің басқарма төрағасы.

Орталық депозитарий өкілі қосалқы шоттары бойынша жас арақатынасы тұрақты болып қалғанын жеткізді. Бұрынғыдай бөлшек инвесторлардың ең көп үлесі 35-54 жастағы (35,6%) азаматтр. 25-34 жастағы инвесторлардың үлесі 30,6%, 18-24 жастағы инвесторлардың үлесі – 19,2%-ға жетеді.

Бұл тұста 55 жастан асқан инвесторлардың үлесі қысқарып келе жатқанын атап өткен жөн (14,5%). Ал кәмелетке толмаған азаматтардың атына ашылған брокерлік шоттардың үлесі қосалқы шоттардың жалпы санының 0,1%-нан аспайды. Инвесторлардың 56,3%-ы ерлер, ал әйелдердің үлесі – 43,7%-ға жетіп отыр.

Жыл басынан бері брокерлік шот иелері арасындағы әйелдер саны екі есеге жуық өскен. Алматы (21,8%), Астана (10,7%) және Түркістан облыстары (9%) бұрынғыдай аумақ бойынша көш бастап тұр. Ең аз брокерлік шоттар елдің солтүстігінде, әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында (1,5%) ашылды.

“Жыл басынан бері брокерлік лицензиясы бар жекелеген банктер бағалы қағаздар нарығына бөлшек инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс істей бастады. Бұл омнибус шот арқылы қызмет көрсетілетін инвесторлар санының өсуіне себеп болды. Омнибус шоты брокерлік шоттарды ашу және жүргізу үшін бэк-офис шығындарын оңтайландыруға және қысқартуға мүмкіндік беретінін ескере отырып, банктер KCSD-да өз клиенттеріне қызмет көрсетудің осы әдісін ықыласпен таңдайды”, – деп атап өтті Әділ Мұхамеджанов.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Еңбекшіқазақ ауданындағы 6 алма бағында жеміс теру науқаны басталды

16.08.2022

Әлеуметтік желіде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

30.03.2023

Мейрамханалардың депозит сұрауы – ЗАҢСЫЗ

05.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа