No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 5 жыл ішінде мал шаруашылығына субсидия көлемі 60% өсті

Солтүстік Қазақстан облысы биыл дәстүрлі республикалық малшылар слетін қабылдады. Оған республиканың жетекші мал шаруашылығы кәсіпорындары мен ғылыми ұйымдарының өкілдері қатысып, саланың өзекті мәселелерін талқылады. Бұл туралы kazbusiness.kz министірліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

28.08.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 42,1% жуығы мал шаруашылығына тиесілі.

 

Қазір салада мал мен құс санының тұрақты өсу қарқыны, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің ұлғайғанын көрсетіп отыр. Еліміз сиыр еті, қой еті, жылқы еті мен жұмыртқа бойынша өзін-өзі қамтамасыз ете бастады, ал құс еті бойынша соңғы 3 жылда импортқа тәуелділікті 51% – дан 35% – ға дейін төмендетуге мүмкіндік туды.

 

Соңғы 5 жылда мал шаруашылығына субсидия көлемі 60% -дан астамға өсіп, 2022 жылы 124,5 млрд теңгені құрады.

 

Өткен жылы мал шаруашылығында жалпы сомасы 70 млрд теңгеге жуық 53 инвестициялық жоба іске асырылды. Мәселен, сүтті мал шаруашылығында импортты алмастыру міндетіне сәйкес, 2021 жылы қуаттылығы 57 мың тонна болатын 35 сүт-тауар фермасы іске қосылды.

 

Жалпы, қазір мал шаруашылығы саласы өзінің жаңа кезеңін бастады. Сенатта қаралып жатқан “Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы” заң жобасының арқасында тауар өндірушілерге селекциялық–асылдандыру жұмысындағы заманауи әдістер мен технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. Заңнамалық деңгейде асыл тұқымды жануарларды бағалаудың жаңа әдістері енгізіледі. Мысалы, индекстік бағалау, молекулалық және генетикалық сараптама жүргізу, жануарларға геномдық бағалау жүргізу көзделген.

 

Сонымен қатар, қазіргі уақытта мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Атап айтқанда, орталық және жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметтері арасында өкілеттіктерді бөлу, ветеринарлық қызметті өзіне тән емес функциялардан босату және ауылдық округтердің ветеринарлық дәрігерлеріне қосымша өкілеттіктер беру, сондай-ақ ветеринария саласын цифрландыру бар.

 

2021 жылдан бастап маусым айының екінші жексенбісінде Қазақстанда мал өсірушілер күні (малшылар мерекесі) аталып өтіледі.

 

Слет барысында ең үздік малшыларды атап, құрмет көрсетілді. Республиканың көзге түскен шаруа қожалықтарының басшылары “Еңбек ардагері” медальдарымен, “Ауыл шаруашылығы саласының үздігі” белгілерімен, сондай-ақ құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау-касса машиналарының бағдарламасын жаңарту мерзімін ұзартты

07.09.2022

Тағы бір қытайлық платформа отандық өндірушілерге қолжетімді болады

17.04.2023

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында төрт алтын ұтты

14.05.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа