No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда ет өнімдері қымбатттады

Қазақстанда малға арналған жем-шөп өндірісі бір жылда 12%-ға қысқарып, ет өнімдері қымбаттады.

09.11.2022
Жаңалықтар
16
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Биыл қаңтар-қыркүйекте елімізде ауыл шаруашылығы жануарларына арналған 1,3 млн тонна дайын жем өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,8%-ға аз. 2021 жылы жем өндіру 1,9 млн тоннаға жетті.

Өндірілген жемнің басым бөлігі Алматы облысына тиесілі. Ол 347,3 мың тоннаға жетіп, бір жылда 3%-ға артқан. Өндірістен көш бастап тұрған үштікке Ақмола (223,8 мың тонна, 0,5%-ға аз) және Солтүстік Қазақстан (161,1 мың тонна, 18,4%-ға көп) облыстары да кірді.

Үздік үштікке кірсе де, солтүстік аймақтың ауылдарында жем-шөп жетіспеушілігі байқалады. Оған себеп – елді мекендерге жақын жайылымдар мен шабындықтар жетіспеушілігі және қымбатшылық.

1 қазанда елімізде ірі қара мал саны 9 миллионға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,7%-ға артық. Оның ішінде сиырлардың саны 4,6 млн басты құрады.

Жылқы саны бір жылда 11,7%-ға (3,8 млнға),  түйе 8,6%-ға, (265,3 мыңға), қой 4,2%-ға (21 млнға), құс 0,6%-ға (50 млн басқа) дейін өсті.

Ал ешкі (0,8%-ға, 2,5 млн басқа дейін) және шошқалар (11,6%-ға, 849,3 мың басқа дейін) саны азайды.

2022 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында тірі салмақта 1,5 млн тонна мал мен құс (0,7%-ға көп) және сою салмағында 847 мың тонна (0,3%-ға көп) сойылды немесе сатылды.

Сиыр сүті өндірісі 1,8%-ға, (5,1 млн тоннаға дейін), тауық жұмыртқасы 5,3%-ға (3,8 млрд данаға дейін), ірі жануарлардың тері өндірісі 1,6% – ға (2,3 млн данаға дейін) өсті. Ұсақ жануарлардың терісін өндіру жылына 0,6%-ға, яғни 5,2 млн данаға дейін қысқарды.

Қазан айының қорытындысы бойынша ет және ет өнімдері бір жылда 15,9%-ға қымбаттады. Оның ішінде ет пен құс еті 14,6%-ға, шұжық 21,3%-ға, басқа да ет өнімдерінің бағасы 15,7%-ға өсті.

Сиыр еті бір жылда 9,3%-ға, жылқы еті 16,3%-ға, шошқа еті 13,4%-ға, қой еті 12,5%-ға, құс етінің бағасы 28,6%-ға артты. Қайнатылған шұжықтар 22,2%-ға, жартылай ысталғандар 21,2%-ға қымбаттады.

Маңғыстау облысында баға айтарлықтай өскен. Өнімдер бір жылда 22,6%-ға қымбаттады. Одан кейін Павлодар (20%-ға) және Ақтөбе (19,5%-ға) облыстарында өсім байқалады.

Қазан айында дүкендер мен базарда сиыр етінің киллограмы орта есеппен 2,4 мың теңгеден, қой еті 2-2,7 мың теңгеден, шошқанікі 2 мың теңгеден, жылқы еті 3 мың теңгеден, тауық 1,4 мың теңгеден сатылды.

Тауық сүйектерін 1,2 мың теңгеге, қайнатылған шұжықты 2,6 мың теңгеге, жартылай ысталған шұжық 3,1 мың тг және сиыр бауырын 1,2 мың теңгеден алуға болады.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Төлем картасы қандай жағдайда бұғатталады?

29.08.2022

Семейдегі жылу желілерінің 68% ескірген

27.07.2023

Жамбыл облысында ерекше режимдегі түзету мекемесінің басшылығы мен кәсіпкерлер арасында шу шықты

16.11.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа