Қазақстанда екі жаңа мереке пайда болады: 9 қыркүйек – Кәсіпкерлер күні және 19 желтоқсан – Жарнама маманы күні.
Ұлттық экономика министрлігі “Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы” үкімет қаулысына өзгерістер әзірледі. Қаулы жобасы “Ашық НҚА” порталында жарияланды.
Оған сәйкес, мерекелер тізімі екі датамен толығады: Қазақстан кәсіпкерлері күні – 9 қыркүйек және Жарнама маманы күні – 19 желтоқсан.
“Соңғы екі жыл әсіресе қиын болды. Пандемия қысқартуға, оңтайландыруға, басқару модельдерін, бизнес форматтарын өзгертуге мәжбүр етті. Осыған байланысты жаңа мереке – Қазақстан кәсіпкерлері күнін – 9 қыркүйекке бекіту ұсынылады. 2013 жылы осы күні Қазақстанның бүкіл бизнесін біріктіретін “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасын құру туралы құрылтайшылардың бірлескен шешіміне қол қойылды”, – делінген негіздемеде.