Energyprom.kz берген мәліметтерінде, өңірлік контексте күнбағыс майы өндірісінің жалпы көлемінің жартысына жуығы Шығыс Қазақстан облысына тиесілі: 78,1 мың тонна тазартылмаған және 33,6 мың тонна тазартылған май. Сонымен қатар, тазартылмаған күнбағыс майын өндірудің айтарлықтай көлемі Абай (43,8 мың тонна) және Қостанай (9,1 мың тонна) облыстарына, тазартылған – Шымкент (24,2 мың тонна) және Алматы (10,4 мың тонна) облыстарына тиесілі. Қазақстандық күнбағыс майын өндірушілер ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында сұранысты 83,5%-ға жауып, тиісінше импорт 16,5%-ды құрады. Өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда өндіріс көлемі 29,6%-ға, ал импорт 26,6%-ға артты, делінген зерттеуде. 2022 жылдың шілде айының қорытындысы бойынша, сарапшылардың бағалауынша, күнбағыс майы бір айда 1,4%-ға қымбаттады, ал жыл басынан бері бағаның өсуі 8,1%-ды құрады. 2021 жылғы шілдемен салыстырғанда бағалар 11,6%-ға өсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай аз, ол кезде баға бірден 65,8%-ға өскен.