No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасы іске қосылады

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен Шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілері үшін өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске қосады, деп хабарлайды kazbusiness.kz   Zakon.kz.-ке сілтеме жасап. 

11.11.2022
Жаңалықтар
1
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Аталған қор атап өткендей, бағдарлама Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ШОБ субъектілерін қолжетімді қаржыландыруды қамтамасыз ету арқылы инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған.

Бағдарлама бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 50 млрд теңгені құрайды.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • Қаржыландыру мерзімі-10 жылға дейін;
  • Сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 3 %;
  • Қаржыландыру сомасы – 80 млн. теңгеден 3 млрд. теңгеге дейін;
  • Жоба бастамашысының жеке қатысуы-жоба құнының кемінде 15 %.

Өңдеуші өнеркәсіптің отандық кәсіпорындарына лизинг және кредит беру құралдары арқылы қаржыландыру ұсынылатын болады, бұл ретте кредит сомасы лизинг сомасынан аспауға тиіс.

Жобаларды қарау кезінде негізгі назар импортты алмастыруға және экспортқа бағдарлануға, яғни өнімдері ішкі нарықтың сұранысын жабатын және елдің экспорттық әлеуетін өсіруге мүмкіндік беретін кәсіпорындарды қолдауға бағытталатын болады, делінген хабарламада.

Өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қаржыландыру бағдарламасын іске асыру Өңдеуші өнеркәсіптің шағын және орта кәсіпорындарының негізгі құралдарын жаңартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ бюджетке салық түсімдерін қамтамасыз етеді.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Қазақстан халқы жарты жыл ішінде базар мен дүкенге 6 трлн теңге жұмсады

02.08.2022

Қазақстанда бензин құны бір жылда 4%-ға артты

31.10.2022

Маңғыстаулық кәсіпкерлер “ҚазТрансГазАймақ” компаниясына наразы

23.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа