No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда қант саласын дамытуға 495 млрд теңге бөлінеді

28.08.2022
Жаңалықтар
4
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек Үкімет отырысында Қазақстанның қант саласы қалай дамытылатынын айтып берді.

 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленді. Аталған жоспар қант қызылшасының егіс алаңдарын кеңейту арқылы шикізат базасын ұлғайтуды, жаңа суармалы жерлерді іске қосуды, суарудың су үнемдеу технологияларын енгізуді, тұқым шаруашылығын дамытуды, қант қызылшасын қайта өңдеу бойынша зауыттардың қуаттылығын техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруды, сондай-ақ жаңа инновациялық зауыт салуды көздейді.

 

«Бұдан бөлек, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қант өндірушілер үшін ҚҚС 70 пайызға дейін төмендетіледі. ҚР Салық кодексінің 411-бабына сәйкес 2023 жылғы Кешенді жоспарда аталған преференцияның қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі іс-шара, сондай-ақ тізбені құрақ қантпен толықтыру да көзделген. Бұдан басқа, қантқа бағалардың ең төменгі деңгейін (БТД) енгізу, мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну тетігін жетілдіру, оның ішінде, қант қызылшасын қайта өңдеуге тапсыру кезінде субсидиялау нормативтерін және тұқымдар мен будандар бағасының өсуін ескере отырып тұқым шаруашылығын субсидиялау нормативтерін ұлғайту мәселелері пысықталатын болады», – деді вице-министр. Жалпы шикізат базасын дамытуға арналған инвестициялардың көлемі шамамен 495 млрд. теңгені құрайтын болады. Материалдық-техникалық құндылықтарды субсидиялаудың қажетті көлемі 168 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде қант зауыттарының негізгі және айналым қаражатын толықтыруға қажетті субсидиялар көлемі 39,3 млрд. теңге.

 

Кешенді жоспарды іске асыру алдағы 5 жылда отандық шикізаттан өндірілетін қант көлемін 250 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте 2026 жылға қарай 2021 жылмен салыстырғанда, импорт үлесі 58%-дан 17%-ға дейін төмендейді, отандық шикізатты қайта өңдеу есебінен қамтамасыз етілу 7% -дан 43% дейін ұлғаяды.

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

Сара Назарбаева қыз кезіндегі тегін қайтып алды

17.04.2023

Алматы облысындағы 16 жылыжай жұмысын тоқтатқан-Аслан Ораз

27.01.2023

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы экспорт 30,9 пайызға артты

18.10.2022
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа