No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет
No Result
View All Result
kazbusiness.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін автокөліктердің шығарылуына тыйым салынған

18.11.2022
Жаңалықтар
2
👁️
WhatsappTelegramTwitterFacebook

Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарында ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 22 қазандағы №843 қаулысының, атап айтқанда “ҚР аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігін бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы” нормаларының қате таралуына байланысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аталған құжаттың маңыздылығы мен қоғамға дұрыс жеткізілуін түсіндіруді орынды деп санайды.

“Бұл қаулы ЕАЭО елдері қол қойған “Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы” Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылдың 5-ші сәуірдегі №45 шешімін іске асыру мақсатында қабылданды. Үкіметтің 2023 жылдың 1 ақпанына дейінгі заңды күші бар қаулысы өндірушілерге ABS, ESP, сондай-ақ қауіпсіздік жастықтарымен жабдықталмаған және экологиялық санаты төмендетілген автокөліктерді шығаруға тікелей құқық бермейді”, – делінген хабарламада.

Тиісті жүйелермен жабдықталмаған автомобильдерді шығаруға рұқсат алу үшін өндіруші белгілі бір компоненттерді орнатпауына қарамастан көлік модельдерін жеке сертификаттаудан өткізіп, оның қауіпсіз болуы міндетті. Бұл шарт ЕЭК Кеңесінің шешімдерінде қарастырылған.

“Демек, қазір Қазақстанда қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін бірде-бір көлік моделі шығарыла алмайды. Сондықтан өндірушілер “Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы” Кеден одағының техникалық регламентін толық сақтап келеді”, – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Осы ретте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі медиа-кеңістікте тексерілмеген дәйексіз ақпаратты таратуға сақ болуға шақырады. Себебі оған заң жүзінде тиісті жауапкершіліктің бар екенін ескертеді.

Еске сала кетсек, белгілі қоғам белсендісі Санжар Боқаев Қазақстан үкіметінің елімізге ABS жүйесі, қауіпсіздік жастықтары және SOS түймелері жоқ экологиялық класы төмен көліктерді кіргізуге рұқсат бергенін айтқан болатын. Ол үкіметтің бұл шешімін сынап, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға өз ұсынысын айтқан еді. 

Байланысты Материалдар

Зымыран лабораториясының нейтроны U.S. Әскери жүктерді сынау – SpaceNews

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

Қытайдың сәуір айындағы экспорты 8,1% -ке секьюторлық бағаларға, ал тарифтерге қарамастан сметалық бағаларды алады; Импорттау құлдыраулар – CNBC

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

NVIDIA қоры Trump Ai Chip Prostection-ден асып түскен белгісіздікке арналған, күнделікті инвестордың бизнесі

10.05.2025

Негізгі Crypto Billy негізгі дауыс бермейді – Axios

10.05.2025

Ұсынылатын материалдар

“АлматыЭнергоСбыт” ЖШС инженері бес жылға сотталды

31.05.2023

Кәсіпкерден президентке дейін: Дональд Трамптың кәсіби жолы

24.10.2022

Барыс жылы отандық жеңіл өнеркәсіп 6,9%-ға өсті

04.01.2023
©2024. Барлық құқығы қорғалған. "Kazbusiness.kz" Ақпарат агенттігі

29.05.2023 жылғы №KZ15VPY00070957 Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.
KAZBUSINESS - бизнестегі озық жаңалықтар, қажет кеңестер мен тура бағыт нұсқаушы. Жас кәсіпкердің кеңесшісі. Ел нарығында бизнестің іргесін қалаудың қыр-сырын ашатын сайт. Платформа - жеке кәсіпкердің даму жолына қажетті ақпарды жариялайды. Бұл сайт - кәсібін енді бастаған кәсіпкердің негізгі көмекшісі.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Пайдалану ережелері
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kazbusiness
  • Әлеумет
  • Дара кәсіпкер
  • Жаңалықтар
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Дара кәсіпкер
  • Керек-дерек
  • Қаржылық кеңес
  • Kazbusiness
  • Әлеумет

© 2025 KAZBUSINESS - Қазақстандық бизнестің қыр-сырын ашатын платформа